ҚАРАҚҰЙРЫҚ
ҚАРАҚҰЙРЫҚ – тұлғасы сымбатты, дене тұрқы 101-126 см, шоқтығының биіктігі 67-79 см. Текесінің салмағы 22 кг, ешкісінікі – 20-34 кг. Текелерінің мүйізі түп жағы бедерлі, ұшы бір-біріне қарай аздап иілген, қара қоңыр түсті, ұзындығы 33-43 см болады, ешкілері – тоқал.