Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі

Үстірт мемлекеттік табиғи қорығы ресми интернет-ресурсы

  • Размер шрифта:

Жалпы мәліметтер

Үстірт қорығы - Қазақстанның Батыс өңіріндегі жалғыз қорық. 1984 жылы ұйымдастырылған қорықтың негізгі мақсаты - шөл зонасының табиғат кешенін табиғи түрінде сақтап қалу. Үстірт мемлекеттік табиғи қорығында  ландшафтың алуан  түрі кездеседі. Қорықта қорғау, ғылым, ақпарат және мониторинг экологиялық ағарту және туризм бөлімі, табиғат мұражайы және есеп бөлімі жұмыс жасайды. Үстірт қорығының ғылым, ақпарат және мониторинг бөлімінің аға, кіші, ғылыми қызметкерлері бекітілген тақырыптар бойынша ғылыми  -зерттеу жұмыстарын жүргізуде.

Қорық аумағында мекендейтін аң - құстарды, өсімдіктердің дамуын зерттеу, олардың өсіп өнуін үнемі қадағалай отырып, бір жүйеге келтіру тізімдеп, талдап, қорғау жұмыстарын ұйымдастыруға ғылыми негіз жасау қорықтың ғылым, ақпарат және мониторинг бөлімінің негізгі атқаратын жұмыстары. 

Бөлімде 4 ғылыми қызметкер бар. Бүгінгі таңда ҚР Білім және ғылым министірлігімен келісіп, Орман және аңшылық шаруашылығы комитеттен бекітіп берілді. «Үстірт қорығының өсімдіктер дүниесінің қазіргі жағдайы, флорагенезі және сараптамасы» тақырыптар бойынша ғылыми өзерттеу жұмыстарын жүргізіп оң нәтижелерге қол жеткізілуде. «Үстірт қорығында сирек кездесетін және ерекше қорғалатын құстар популяциясының жағдайы».«Үстірт қорығының өрмекші тәрізділері мен жәндіктер дүниесін түгендеу». Кейінгі жылдары Екатеренбург қаласындағы ресей Ғылым Академиясының Орал бөлімінің  «Жануарлар мен өсімдіктердің экологиясы» институтының ғылыми қызметкері П.Ю.горбунов, Бойко.Г.В, Куликов П.В бірлескен ғылыми – зерттеу экспедициялары жергілікті жерге бейімделген өсімдіктер мен жан – жануарларға антропогендік әсерлерді анықтау үшін қорықтың барлық аймақтарын аралап ғылыми - зерттеу жұмыстарын жүргізілді. Осы жұмыстардың нәтижесінде өзгерістер кездеседі. Жүргізілген ғылыми - зерттеу жұмыстары сараланып «Растительный мир Устюртского заповедника» ғылыми кітабы жазылып шығарылды. 2010 жылы Үстірт қорығында төменгі сатыдағы балдырлар (водоросли) 26 туысқа, 21 тұқымдасқа жататын 40 түрі анықталды. 2011 – 2013 жылдары көктем айларында Үстірт қорығының ғылыми қызметкерлері Астрахань мемлекеттік Университетінің ботаника кафедрасының доценті, профессор б.ғ.д. А.П.Лактионов, б.ғ.к  В.Е. Афанасьевтін қатысумен ғылыми - зерттеу экспедициялар ұйымдастырылды. Экспедицияның мақсаты қорықтың флорасы мен фаунасын анықтап, тізімге алу.  Ғылыми - зерттеулер жұмыстарының нәтижесінде өсімдіктердің тоғыз түрі табылып, жетісі Қазақстан үшін де жаңалық болып табылды. Қазіргі таңда Үстірт қорығында жоғарғы сатыдағы өсімдіктердің 334 түрі, ал төменгі сатыдағы өсімдіктердің 40 тізімге алынды. Олардың 5 түрі Қазақстан Қызыл кітабына енгізілген: бор рияңы, майда қатыран, берік сүттіген, кәдімгі жұмсақ жеміс, хиуа сораңы және 20 түрі: Маңғыстау облысы сирек және жойылып бара жатқан өсімдіктерінің каталогына енгізілген (Қызыл кітап, 2006ж). Зерттеу жұмыстарының нәтижесі бойынша, қорық аумағын да өсімдіктердің 334, құстардың 165, сүтқоректілердің 29, бауырмен жорғалаушылардың 15, жәндіктердің 794,  қосмекенділердің 1 түрі анықталды. Қорық аумағында ғылыми - зерттеу жұмыстары жалғасуда. Осы жұмыстардың нәтижесінде бірнеше ғылыми  мақалалар БАҚ - та жарық көрді. Экологиялық ағарту бөлімінің мамандары табиғатты қорғауға арналған шараларды жыл сайын өткізеді. Көктем сайын өтетін шаралардың бірі «Саябақтар шеруі» экологиялық акциясы кең көлемде ұйымдастырылады. Ауыл шаруашылығы министірлігінің Орман және аңшылық шаруашылық комитеті ерекше қорғалатын табиғи аумақтар арасында  «Саябақтар шеруі» - 2007 табиғат қорғау акциясы есепті жақсы рәсімдегені үшін, ал 2001 жылы үшінші орын алғаны үшін, 2009 жылы екінші орын алғаны үшін, 2012 жылы табиғат қорғау акциясында үздік бейне материал номинациясы бойынша Үстірт мемлекеттік табиғи қорығын  «Құрмет грамотасымен» марапатталды. Үстірт мемлекеттік табиғи қорығы өзінің табиғат қорғау  жұмыстарын алдына қойылған міндеттерге сәйкес орындап, өсімдіктер мен жануарлар дүниесін қорғау мен зерттеуде және экологиялық тәрбие беруде зор еңбек етуде. 

Үстірт мемлекеттік табиғи қорығы

Үстірт мемлекеттік табиғи қорығы 1984 жылдың 12 шілдесінде Қазақ ССР Министрлер Кеңесінің № 294 қаулысымен ұйымдастырылған. Қорық республикалық маңызы бар табиғат қорғау және ғылыми мекеме мәртебесі бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың ең жоғары санатына жатады.Ұйымдастырылу мақсаты  қорық аумағындағы табиғи процестер мен құбылыстардың табиғи барысын, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі объектілерін, өсімдіктер мен жануарлардың жекелеген түрлері мен қауымдастықтарын, әдеттегі және бірегей экологиялық жүйелерді сақтау мен зерделеу және оларды қалпына келтіру болып табылады.Үстірт мемлекеттік табиғи қорығы Маңғыстау облысының Қарақия ауданында 223,342 гектар аумақты алып жатыр. Өзінің құқықтық қорғау режиміне сәйкес, қорықтық және күзетілетін өңірлерге бөлінеді.Үстірт қорығы Қарақия ауданының шығыс бетінде, Батыс Үстірт жонының Қараған босаға,  Көкесем, Кендірлі, Елшібек сияқты ұшпа шыңдары мен жарқабақты таулары және Қарынжарық құмымен Сақсорқа құмын жағалай орналасқан.Үстірт шыңдарының бедері алуан түрлі. Олар Кендірлі сорын үш жағынан қоршай жиектеп, тік құлама жарлы болып келеді. Жер бедері мен топырағының әртүрлі болуына байланысты, қорықтың өсімдіктер дүниесі де сан алуан болып келеді.Қазіргі уақытта қорық аумағында өсімдіктің 336 түрі, сүтқоректілердің 29 түрі, бауырымен жорғалаушылардың 15 түрі, құстардың 166 түрі, қос мекенділердің 1 түрі кездеседі.Соның ішінде Қызыл Кітапқа енгендер: өсімдіктерден – бор рияңы, кәдімгі жұмсақ  жеміс, хива сораңы, майда қатыран, берік сүттіген; құстардан – бүркіт, жұртшы, ителгі, үкі, жорға дуадақ, лашын, қарабауыр бұлдырық, дала қыраны, қарабай, жылан жегіш қыран,қарақұс,қоқиқаз,сұр тырна,сақалтай,қылаң қарабас шағала, қылқұйрық бұлдырық,жалбағай,кішкене аққұтан ; бауырымен жорғалаушылардан – төрт жолақты қарашұбар жылан; сүтқоректілерден – арқар, қарақұйрық, қарақұлақ, сабаншы, итаю, шұбар күзен, шағыл мысығы, ақбауыр жарқанат.

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты

Мәңгілік ел

"2050 жыл - жай бейнелі дата емес
бұл бүгінде әлемдік қауымдастық бағдар ұстап отырған нақты мерзім"

Нұрсултан Назарбаев

Фото-альбом

Экологиялық мәдениетті арттыру және ерекше қорғалаты...

Экологиялық туризмді дамыту
Үстірт мемлекеттік табиғи қорығы РММ, ресми интернет-ресурсы
Маңғыстау обл.
Жаңаөзен, Темір жол бекеті
Қабылдау бөлімі тел.:
8 (72934) 76833
Электронды пошта :
ystyurt-oopt@mail.ru