Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі

Үстірт мемлекеттік табиғи қорығы ресми интернет-ресурсы

  • Размер шрифта:

Қызыл кітап

Өсімдіктер дүниесі 

 

Кесте 2.ҮМТҚ өсімдіктер дүниесі

Топтар және түрлері
Түрлерінің саны
Түсініктеме
Төменгі сатыдағы өсімдіктер

-

Мәліметтер жоқ, зерттеу қажет
Жағары сатыдағы өсімдіктер

263

 
Майда қатыран – Crambe  edentula*
 
Сирек түрі
Берік сүттіген –Euphorbiasclerocyathium*
 
Сирек, эндемик, реликті түрі
Хиуа сораңы –Salsolachewensis*
 
Жойылып бара жатқан  түрі
Кәдімгі жұмсақ жеміс – Malacocarpus crithmifolius* 
 
Сирек, реликті түрі
Бор рияңы – Rubia cretacea*
 
Өте сирек, жойылып бара жатқан, реликті түрі 

 

*- Қазақстан республикасы Қызыл кітабына енгізілген түрлері 

 

Төменгі сатыдағы өсімдіктер

 

Үстірт қорығының аумағында және шектес жерлерінде төменгі сатыдағы өсімдіктерінен мәлімет жоқ , қосымша зерттеу қажет.   

 

Жоғары сатыдағы өсімдіктер

 

Қорық флорасы қазіргі ғылыми-зерттеулердің нәтижесінде (Құдабаева Г.М; Веселова П; Еедігеев Х; Нұрмұхамбетова Д; 2003 жыл) 263 түрі анықталды,163 туыс, 43 тұқымдастан құрылған. Оның 5 түрі: майда қатыран, берік сүттіген, хиуа сораңы, кәдімгі жұмсақ жеміс, бор рияңы өте сирек және эндемикалық түрлер, бұлар Қызыл кітапқа енгізілген. Үстірт қорығындағы өсімдіктердің жалпы тізімі 2 қосымшада көрсетілген.

Өсімдіктер жамылғысының негізгі өкілдері Алабұталар (Chenopodiaceae), Күрделігүлділер (Asteraceae), Капусталар (Brassicaceae), Қоңырбастар (Poaceae), Бұршақтар (Fabaceae) тұқымдастары.          

 

 

 

 

Интродуценттер, бөгде түрлері және олардың өзара ықпалы

 

Қорық аумағында интродуцент, бөгде түрлері және олардың өзара ықпалы айқындалмаған.            

               

Өсімдіктер қауымдастықтары және экожүйелер

 

Үстірт қорығының өсімдік жамылғысы кеңістік құрылымымен ерекшеленеді. Кішкентай аумақта қыруар кешендігіне жататын қара сексеуіл, сорқаңбақ, қызылтаңдай формациялары құм өсімдіктер топтарымен, жыңғыл тоғайлары және кешенді емес сарсазан қауымдастықтары кездеседі ( 10 қосымша).

 

Жануарлар дүниесі

 

           Зерттеу аумағын омыртқалы аңдардың 4 класы мекендейді, жалпы 156 түрі соның ішінде қосмекенділердің 1 түрі, бауырымен жорғалаушылар 15 түрі, құстардың 111 түрі, сүтқоректілер 29 түрі. Омыртқасыз өкілдеріне 7 отрядтан, 30 тұқымдасынан тұратын

226 түрі жатады.   

 

Омыртқасыздар фаунасы

 

2008 жылғы бекітілген «Үстірт қорығының өрмекші тәрізділері мен жәндіктер дүниесін түгендеу» 2008-2013 жж. тақырыбына сәйкес ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізілуде, тақырыптың жетекшісі  «Зоология институтының» б.ғ.д. профессор В.Л.Казенас, орындаушы Үстірт қорығының ғ.қ. А.Ш. Мұханов. 2008 ж. көктемгі-жаздық далалық жұмыстары  есебі бойынша, Үстірт қорығының буынаяқтылар типі түрлері құрамының жүйелік тізімі жасалып, оған 7 отрядтан 30 тұқымдасы және 226 түрі кіреді. (Қосымша 6).

         Қорық аумағында бүгінгі таңда Қабыршақ қанаттылар (Lepidoptera) отрядынан 81 түрі,соның ішінде 1984ж (КСРО) Қызыл Кітабына енген (Papilio mahaon) және Адмирал ҚҚК . Қаттықанаттылар (Coleoptera) отрядынан 127 түрі, (Orthoptera) Түзуқанаттылар 2 түрі, Қоңырқанатты шегіртке ҚҚК, (Manoptera) Дәуіттер 1 түрі, Термиттер (Isoptera) 2 түрі, (Diptera) Қосқанаттылар отрядынан 1 түрі  анықталды.                                                   

          Қорықта омыртқасыздар фаунасы осы кезге дейін энтомолог мамандардың болмауына байланысты зерттелмеген. Жануарлар дүниесінде зерттелуі ең қиын топ омыртқасыздар болғандықтан, анықтау кезінде әртүрлі кедергілер туады. 

Сондықтан да омыртқасыздар кадастрын жасау кезінде қай аумақ болсын жүйелі ғылыми зерттеу жұмыстарын, осы систематикалық топ бойынша жүргізу, Зоология институтының мамандарымен бірлесе отырып, жұмыс барысында ғылыми кеңес алып, энтомология бойынша білімді арттыру керек.

           Бүгінгі таңда Үстірт қорығының жәндіктер дүниесінің мәліметтері болмағандықтан, қорықтың ғылым бөлімінің басты бағыты болып табылады.

          Үстірт қорығының аумағында ғылыми - зерттеу жұмыстары жүргізіліп, омыртқасыздардың таралу аймақтары белгіленеді. Ғылыми зерттеу экспедициясының  жұмысы кезінде өрмекші тәрізділер мен жәндіктерді теру жұмысы жалғасады. Қорықтағы өте жиі кездесетін немесе сирек кездесетін, жойылып бара жатқан түрлерді түгендеуді қажет етеді.

          2008-2013 жылдар аралығында Инеліктер (Odonata) , Дәуіттер (Mantoptera), Тікқанаттылар (Orthoptera), Теңқанаттылар (Homoptera), Жарғаққанаттылар(Hymenoptera), Қосқанаттылар(Diptera) отрядынан. Шаян тәрізділер (Crustacea) , Өрмекші тәрізділер (Arachnida) класының түрлерін анықтау жоспарланып отыр.

                           

Омыртқалы жануарлар     

а) Қос мекенділер  және бауырымен жорғалаушылар

Қорық аумағында қос мекенділердің 1-түрі кездеседі - жасыл құрбақа (Bufo viridis), бауырымен жорғалаушылардың 15-түрі бар, соның ішінде  төртжолақты қарашұбар жылан (Elaphe quatuorlineata) Қазақстанның Қызыл кітабына енген. Анықталған түрлерінің тізімі қосымшада. Бауырымен жорғалаушылар жалпы тізімі 7 қосымшада көрсетілген.

б) Құстар

 Қорық аумағында құстардың 111 түрі тіркелген. Олардың көпшілігі маусымдық, яғни Үстірт аумағын уақытша мекен ететін түрлер. Себебі,  олардың ішінде жыл құстары көп кездеседі, олар барлық материктерді айналып келіп, көктемгі  жаңбырдан түскен көлшіктер мен бұлақтардың  айналасынан қорек іздеп, тынығып алған соң сапарын одан әрі жалғастырады.

Үстірт қорығында  ғылыми зерттеу жұмыстарының мәліметтері бойынша ұялайтын құстар: бүркіт  (аguila chrysaetus), дала қыраны (аguila rapax Temm), жылан жегіш қыран (сircaetus ferox Gm), жұртшы (neophron percnopterus), лашын (falco peregrinus Tunstall), ителгі  (falco cherrug Gray), қырғи (аccipiter nisus L), кәдімгі күйкентай (falco tinnunculus L), кезқұйрық (milvus korschun Gm), тілеміш (buteo rufinus Gretzshm), үкі (bubo bubo), байғыз (аthene noctua Scop), жорға дуадақ (оtis undulate Jacq), қарабай (рlegadis falcinellus), қарабауыр бұлдырық (Pterocles orientalis), қарабас шағала (larus ichthyaetus Pallas), сексеуіл жорға торғайы (рodoces panderi Fisch). Үстірт қорығы құстарының жалпы тізімі             3 қосымшада көрсетілген.

        Сирек кездесетін түрлері

  Үстірт қорығында құстардың 10 түрі ҚР Қызыл кітабына енгізілген олар: бүркіт (аguila chrysaetus), дала қыраны (аguila rapax Temm), жылан жегіш қыран (circaetus ferox Gm), жұртшы (neophron percnopterus), лашын (falco peregrinus Tunstall), ителгі  (falco cherrug Gray), үкі (bubo bubo), жорға дуадақ (оtis undulate Jacq), қарабай (рlegadis falcinellus), қарабауыр бұлдырық (рterocles orientalis). Қызыл кітапқа енген құстардың сипаттамасы 4 қосымшада көрсетілген.

в) Сүтқоректілер

Үстірт қорығының тізімінде сүтқоректілердің 29 түрі тіркелген, соның ішінде 8 түрі Қазақстан Қызыл кітабына енгізілген, Халықаралық Табиғатты Қорғау Одағының (МСОП) тізіміне 2 түрі енгізілген.

Қазақстанда барлық кездесетін (178 түр) аңдардың Үстірт қорығының сүтқоректілері 16% құрайды. Жалпы 34 тұқымдастар ішінен Үстірт қорығында 11 тұқымдасының өкілдері кездеседі (32%). Кірпітәрізділер тұқымдасынан – 2, жертесертәрізділер – 2, иттәрізділер – 3, сусартәрізділер – 2, мысықтәрізділер – 3, коянтәрізділер – 1, құысмүйізділер – 2, жалтыртұмсықтылар – 3, тиынтәрізділер – 1, атжалмантәрізділер – 5, тышқантәрізділер – 1,  қосаяқтытәрізділер – 4 түрі. Сүтқоректілердің жалпы тізімі  4 қосымшада көрсетілген.

Шөл аймағына тән сүтқоректілер тобынын келесі түрлері жатады:

кеміргіштер: сарышұнақ (citellus fulvus),  кіші қосаяқ (alactaga elater), Северцов қосаяғы (alactaga severtzovi), тікқұлақ қосаяқ (alactagulus pygmaeus), үлкен қосаяқ (alactaga jaculus), үлкен құмтышқан (rhombomus opimus), кіші құмтышкан (meriones meridianus), қызылқұйрық құмтышқан (meriones erythrourus), сұр атжалман (cricetulus mygratorius), соқыртышқан (ellobius talpinus), үй тышқаны (mus musculus).

жәндікқоректілер: қалқанқұлақ кірпі (erinaceus auritus), қара кірпі (erinaceus aethyopicus), ала жертесер (diplomesodon pulchellum), кіші ақтісті жертесер (crocidura suaveolens);

қоянтәрізділер: құм кояны (lepus tolai).

қолқанаттылар: шөл жарқанаты (eptesicus bottae), мұртты жарқанат (myotis mystacinus), ақбауыр жарқанат (otonycteris hemprichi).

жыртқыштар: шұбар күзен (vormela peregusna), шағыл мысығы (felis margarita), қарақұлақ (felis caracal), сабаншы (felis manul), итаю (mellivora capensis), қасқыр(canis lupus), түлкі (vulpes vulpes), қарсақ (vulpes corsac).

жұптұяқтылар: үстіртарқары (ovis vignei arcal Eversmann), қарақұйрық (gazella subgutturosa).

Сирек кездесетін түрлері. Мониторинг жүргізу үшін жануарлардың сирек кездесетін түрлерінің маңызы көп. Қазақстан Қызыл кітабына енгізілген сүтқоректілердің қорық аумағында Қарынжарық құмында және Өнере аймағында итаю (mellivora capensis), шұбар күзен (vormela peregusna), Қарынжарық құмында шағыл мысығы (felis margarita), қарақұлақ (felis caracal), Көкесем тауында сабаншы (felis manul),  ақбауыр жарқанат (otonycteris hemprichi), Мәмекқазған Елшібек тауына дейін және Қарамая тауында үстірт арқары (ovis vignei arcal Eversmann), Өнере аймағы, Қансу, Қарынжарық құмы, Қадырберді, Еділбай фонтаны жерлерінде және Мәмекказған, Көкесем тауының жазықтарында қарақұйрық (gazella subgutturosa) кездеседі. Қарақұлақ (felis caracal) және итаю (mellivora capensis) Халықаралық Табиғатты Қорғау Одағының (МСОП) Қызыл кітабына енгізілген. Сүтқоректілердің сирек кездесетін түрлері 4 қосымшада көрсетілген.

Индикаторлық түрлері Шұбар күзен (vormela peregusna), шағыл мысығы (felis margarita), қарақұлақ (felis caracal), сабаншы (felis manul), итаю (mellivora capensis), ақбауыр жарқанат (otonycteris hemprichi), үстірт арқары (ovis vignei arcal Eversmann), қарақұйрық (gazella subgutturosa), құм кояны (lepus tolai).

Эндемик түрлері Үстірт арқары (ovis vignei arcal Eversmann) тек қана Маңғыстау мен Үстіртте мекендейді.

 

 

Жерсіндірілген түрлері және олардың аборигенді фаунаға ықпалы

 

Үстірт қорығының аумағында жануарлар дүниесінде жерсіндірілген түрлері болған жоқ.

 

Елеулі шаруашылық және / немесе әлеуметтік маңызы бар түрлер

 

Үстірт қорығының аумағында жануарлар дүниесінде елеулі шаруашылық және /немесе әлеуметтік маңызы бар түрлеріне сүтқоректілер фаунасынан келесі түрлері жатады: қасқыр, құм-қоян, түлкі, қарсақ, сарышұнақ (осы түрлердің бағалы аң терісіне қазіргі кезде сұраныс көп емес).   

 

Тұрақты және маусымдық топтасып жиналатын түрлер 

 

Құстар

Көктемгі және күзгі кездегі жыл құстарының қоныс аудару кездерінде  құстар фаунасы  алуан түрлі болады. Қорық аумағында құстардың 111 түрі тіркелген. Олардың көпшілігі маусымдық, яғни Үстірт аумағын уақытша мекен ететін түрлер. Себебі,  олардың ішінде жыл құстары көп кездеседі.

Қорықтағы ең саны көбі – торғайлар класы. Әсіресе сұр және дала бозторғайы саны жағынан  барлық құстан асып түседі.

Қорық аумағында  Көкесем  мен Кендірлі шатқалдарында кекілік пен көк  кептерді көруге болады. Ал Өнере мен Кендірлі бұлақтарына көптеген су құстары  қонып өтеді: тырналар, қоқиқаздар, балшықшылар, көк шағала, барылдауық үйрек, құтандар, суқұзғынын, аққулар, қаздар, шүрегейлер және тағы басқа  су құстарынан ұшып жүріп, нәр алып кететін  жар қарлығаш, құз қарлығаш, қос ірең қарлығаш,  кәдімгі  көкек сияқты құстарды  кездестіреміз.

Сүтқоректілер

1.Сарышұнақ (citellus fulvus). Тығыз саз топырақты және сирек аласа өсімдігі бар жерлерді мекендейді. Қорық аумағында барлық жерлерінде кездеседі. Жалпы саны 2285 дарабас.

2.Үстірт арқары (ovis vignei arcal Eversmann). Қорық аумағында Мәмекқазған, Көқесем, Кендірлі, Елшібек тауларының ұшпа-шындарында кездеседі. Саны тұрақты, 862 дарабас.

3.Қарақұйрық (gazella subgutturosa). Қорық аумағында Өнере аймағы, Қансу, Қарынжарық құмы, Қадырберді, Еділбай  фонтаны жерлерінде және Мәмекқазған, Көкесем тауының жазықтарында кездеседі. Соңғы санақ деректері бойынша қарақұйрықтың саны 213 бас.

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты

Мәңгілік ел

"2050 жыл - жай бейнелі дата емес
бұл бүгінде әлемдік қауымдастық бағдар ұстап отырған нақты мерзім"

Нұрсултан Назарбаев

Фото-альбом

...

22 Сәуір - Жер күні!
Үстірт мемлекеттік табиғи қорығы РММ, ресми интернет-ресурсы
Маңғыстау обл.
Жаңаөзен, Темір жол бекеті
Қабылдау бөлімі тел.:
8 (72934) 76833
Электронды пошта :
ystyurt-oopt@mail.ru