Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі

Үстірт мемлекеттік табиғи қорығы ресми интернет-ресурсы

  • Размер шрифта:

Қарақұйрық – шөлдаланың байлығы

ҚАРАҚҰЙРЫҚ – GAZELLA SUBGUTTUROSA, тұлғасы сымбатты, дене тұрқы 101-126 см, шоқтығының биіктігі 67-79 см. Текесінің салмағы 22 кг, ешкісінікі – 20-34 кг. Текелерінің мүйізі түп жағы бедерлі, ұшы бір-біріне қарай аздап иілген, қара қоңыр түсті, ұзындығы 33-43 см болады, ешкілері – тоқал. Құйрығы кішкентай, қара қоңыр түсті. Тұяқтары кішкентай, қара түсті, сопақша әрі үшкір келеді.

Алғаш рет  А.І.Guldenstaedt қарақұйрықты табылған жерінде, яғни Солтүстік – Батыс Персияда, сипаттаған. Джейран – персиялық атауы; грузиндерде – «джейрани»; туркмендерде – «жерен» немесе «дүз киігі»; қырғыз, өзбек және қазақтарда – қарақұйрық;                                                                                                                                   сонымен қатар Орта Азияның көп елдерінде және Қазақстанда «киік» деп атаған.

Қарақұйрық – шөл және шөлейт аймақтардың өкілі. Соңғы уақытқа дейін қарақұйрық Азияның барлық шөл және шөлейт аймақтарда мекендеген және аңшылық – кәсіпшілік түрі болып табылған. Оның еті жоғары дәмді сапасымен ерекшеленеді, ал терісін сырт және аяқ киім дайындауға пайдаланған, соңымен қатар өте жұмсақ әрі мықты замш өндеген.

Мыңдаған жылдары бойы қарақұйрық шөлдің аңшылық объектісі болып келген және адамға замануи техника көмекке келгенше оның саны азаймаған.

Қарақұйрық зерттеушілердің назарын көптен бері аударып отыр, бірақ бақылау жұмыстарын жүргізу өте қиын, оның үстіне жануарлардың саны өте аз, сондықтан экологиясы туралы арнайы жұмыстары өте аз.

Барлық жерлерде қарақұйрықтың санының азайғаны жан – жақты зерттеуді қиындатып және көп жағдайларда зерттеу жұмыстарына мүмкіншілік бермей отыр. Соңгы уақытта жарияланған материалдар негізінен бұл жануардың бас саның және тіршілігінің кейбір жағын сипаттайды. Соңымен қатар қарақұйрық негізінде Орта Азия, Қазақстанның аңшылық – кәсіпшілік түрі болғандықтан ғылыми және шаруашылық тұрғысынан  қызығушылық тудырады.

20-шы ғасырдың ортасына дейін Қазақстанда шамамен 200 мың қарақұйрық болған, соның ішінде 100 мың бас Маңғыстау облысында.

Қаскерліктің кобеюі, жұттар, эпизоотар, жыртқыштардың әсерінен өткен ғасырдың жетпісінші жылдарының аяғына дейін Қазақстанда шамамен он мың қарақұйрық қалған, ал 1984 жылы Үстірт мемлекеттік табиғи қорығы ұйымдастырумен, соңымен қатар барлық жерлерде қорғау жұмыстары күшейтілуіне байланысты жағдайы түзеліп, тоқсаныншы жылдары саны шамамен отыз – елу мың басқа жетті.

Бірақ Совет үкіметінің ыдыраумен және экономикалық ахуалдың нашарлауына байланысты бұл жануардың саны күрт азайып кетті.

Қазіргі уақыттағы мәліметтері бойынша Қазақстанның шөл және шөлейт аймақтарында шамамен жиырма –жиырма бес мың қарақұйрық мекендейді, соның ішінде алты мың бес жүз – жеті мың «Алтын Емел» мемлекеттік ұлттық паркінде, бір мың бес жүз – бір мың жеті жүз бас Маңғыстау облысында мекендейді (Қазақстанның Қызыл кітабы).

Соңғы мәліметтері бойынша, Үстірт мемлекеттік табиғи қорығы аумағында қарақұйрықтың саны шамамен 300 бас болып тіркелген.

Ежелгі бір ғалым –философ былай айтып кеткен: «Табиғат адамсыз өмір сүре алады, бірақ адам табиғатсыз өмір сүре алмайды».

Табиғатымызды аялайық, ағайын!

Пулатов Агыняз

Үстірт мемлекеттік табиғи қорығы

Аға ғылыми қызметкер


Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты

Мәңгілік ел

"2050 жыл - жай бейнелі дата емес
бұл бүгінде әлемдік қауымдастық бағдар ұстап отырған нақты мерзім"

Нұрсултан Назарбаев

Фото-альбом

Таңғажайып Үстірт - Удивительный мир Устюрта - Amazing world o...

Удивительный мир Устюрта
Үстірт мемлекеттік табиғи қорығы РММ, ресми интернет-ресурсы
Маңғыстау обл.
Жаңаөзен, Темір жол бекеті
Қабылдау бөлімі тел.:
8 (72934) 76833
Электронды пошта :
ystyurt-oopt@mail.ru