Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі

Үстірт мемлекеттік табиғи қорығы ресми интернет-ресурсы

  • Размер шрифта:

Саябақтар шеруі-2015

«Саябақтар шеруі» тұңғыш рет 1990  жылдың 21-23 сәуір аралығында Америка Құрама Шттаттарының «Ұлттық парктер мен табиғатты қорғау» Ассоциаациясының бастамасымен ұйымдастырылды. 1995 жылы сәуір айында бұл бастама бірінші рет Ресей жерінде жалғасын тапты. Содан бері көптеген елдерде сәуір,мамыр айында аталып өтетін халықаралық дәрежедегі табиғаты қорғауға арналған іс- шара болып қалыптасты.

1995 жылы  яғни, «Саябақтар шеруі» бастамасы Ресеймен бірге Украина,  Белоруссияда , Арменияда,  Қазақстанда,  Өзбекстанда, Түрікменстанда, Тәжікстанда, Қырғыстанда өткізіліп келеді. «Саябақтар шеруін» 1996 жылдан бері біздің еліміздегі  қорықтар мен ұлттық бақтар өткізіп келеді. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарында табиғатты қорғау бағытында халықпен бірге жұмыс жасау және оны жыл сайын дамытып  отыру осы «Саябақтар шеруінің» негізгі міндеттерінің бірі. Жүздеген мектептерде табиғи қорықтар мен ұлттық бақтардың тарихы жөнінде арнайы сабақтар өткізіліп, жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында бұл жөнінде ақпараттар таратылды.

 «Саябақтар шеруі» кезінде әртүрлі ақпараттық- ағартушылық немесе танымдық шаралар ұйымдастырумен бірге түрлі бағыттағы сауықтыру , шыбықтар отырғызу, өндірістік және тұрмыстық қалдықтардан тазарту,көшеттер отырғызу мен бұлақ көздерін ашу жұмыстары жүргізіліп мен түрлі байқаулар, мерекелік шаралар  фестивальдар, театрландырған көрністер қойылады.

«Саябақтар шеруінің» негізгі іс- шараларының бірі табиғи қорықтарға, ұлттық бақтарға және тарихи, рухани маңызды  мәдениет кешендеріне нұқсан келтіретін қандайда болмасын іс-әрекетке қарсы тұру және оны болдырмаудың алдын алу. «Саябақтар шеруінің» тағы бір міндеті- бұл жергілікті халықпен, сол жердің  басқару орындарында отырған лаузым иелерімен, бұқаралық ақпарат құралдары саласымен және бизнес саласындағы отандастарымызбен ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың проблемалық өзекті мәселерін нақты қорғалатын іс- әрекетпен бірігіп шешу, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда табиғатты қорғау жұмыстарының қаншалықты маңызды екенін үкімет пен қоғам алдында сендіру және оған ерікті көмек беру түрлерін іздестіру, бүгінгі күннің ең өзекті мәселелерінің бірі болуы қажет.

Отыз жылдан аса тарихы бар Қазақстанның Батыс өңірінде орналасқан  Үстірт мемлекеттік табиғи қорығы  да «Саябақтар шеруі » табиғатты қорғау акциясын өткізіп келеді. Халықаралық деңгейде  ұйымдастырылып келе жатқан бірден –бір табиғатты қорғау акциясына аудандық, ауылдық әкімдіктер мен қалалық, аудандық  білім бөлімдері, Үкіметтік емес ұйымдар, Жастар орталығы, қалалық ішкі саясат бөлімі, оқу орындары мен түрлі саладағы ұжымдар  бұл шараларға бағытталған үгіт- насихат жұмыстарына  үнемі қолдау көрсетіп келеді. Ауыл шаруашылығы министрлігі, орман шаруашылығы  және  жануарлар дүниесі комитеті жыл сайын ұйымдастырып отыратын «Саябақтар шеруі» нәтижесінде  өткен жылдары алған жетістіктерімізде баршылық, 2007  жылы «Ынталандыру» сыйлығына, 2008  жылы үшінші орын, 2009  жылы екінші орын, 2012 жылы «Ең үздік бейне материал» сыйлығына, ал 2014 жылы бірінші орынға ие болып  қорық ұжымы Құрмет  Грамотасымен марапатталды.

 Биылғы жылы да табиғатты қорғауға арналған  «Саябақтар шеруінің-2015» акциясының ашылу салтанаты жыл сайын дәстүрлі түрде ұйымдастырылып келе жатқан  «Мәңгі жаса, Жер- Ана! » атты экологиялық митингісін өткізумен басталады. Одан әрі акцияға арналған іс-  шаралар    1- сәуір Бүкіл дүниежүзілік  Құстар күніне арналған  «Құстарға қамқор болайық!» сайыстарына жалғасып,  22- сәуір Жер күніне орай «Жер- Ана барлығымызға пана!» экологиялық- интеллектуалдық ойындар сайысы  өтеді. Өткен жылғы  орман шаруашылығы мен жануарлар дүниесі комитеті және  Тұрақты даму « Жер қоры»  қоғамдық бірлестігінің  игі бастамасын жалғастырып, 19- сәуір Бүкіл қазақстандық орман отырғызу күнін де ұмыт қалдырмай «Ұрпақтармызға тал қалдырайық!» талдар отырғызу акциясы қаламызда  оған іргелес елді мекендер де ұйымдастырылады. «Саябақтар шеруі-2015»  акциясы кезінде  «Туған жер тынысы», «Табиғат- ортақ қазына », « Үстірт қорығы- Маңғыстау мақтанышы»  тақырыбындағы жүрмелі көрмелер қалалық орталық кітапхана мен оқу орнындарында, білім беру мекемелерінде өткізіледі. Мамыр Қызғалдақтар мерекесіне арналған байқаулар,  18- мамыр  Халықаралық мұражай күніне  «Ғасырлар үні» атты Үстірт қорығының  апаталығы , сондай- ақ  «Туған  өлкем қандай көркем!»  әндер мен суретшілер байқауларын  өткізу  жоспарлануда. Табиғатты қорғау акциясы аясында жер- анамызды  тұрмыстық қалдықтардан тазартып, ерекше қоғалатын аймақтарды соның ішінде Қарақия- Қаракөл қаумалына, туристік – экскурсиялық соқпақтарға,  қала көлемінде сенбілік жүргізіу ең басты міндеттеріміз. Жайма шуақ көктеммен бірге бастау алатын табиғатты қорғау акциясына  қатысайық! Өз қолымыздан келетін  үлесімізді қосайық! Табиғат тазалығы, туған жер амандығы екенін ұмытпайық.



            


              А.Сағызбаева

Үстірт мемлекеттік табиғи қорығы

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты

Мәңгілік ел

"2050 жыл - жай бейнелі дата емес
бұл бүгінде әлемдік қауымдастық бағдар ұстап отырған нақты мерзім"

Нұрсултан Назарбаев

Фото-альбом

Таңғажайып Үстірт - Удивительный мир Устюрта - Amazing world o...

Удивительный мир Устюрта
Үстірт мемлекеттік табиғи қорығы РММ, ресми интернет-ресурсы
Маңғыстау обл.
Жаңаөзен, Темір жол бекеті
Қабылдау бөлімі тел.:
8 (72934) 76833
Электронды пошта :
ystyurt-oopt@mail.ru