Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі

Үстірт мемлекеттік табиғи қорығы ресми интернет-ресурсы

  • Размер шрифта:

Мұражай

Мұражай мен экосоқпақтар

Қазіргі таңда экологиялық туризмді жолға қою  және дамыту мақсатында қорық аумағынан экотуристік – экскурсиялық соқпақтардың паспорттары жасалды. Саяхат топтарын ұйымдастыруға мен соқпақтарды дайындауға жердің шалғайлығы мен қатынастың қиыншылықтары кедергі келтіруде.  Үстірт мемлекеттік табиғи қорығының № 5 ғылыми-техникалық кеңесінің 18.07.2007 жылғы өткен отырысында қаралып, 2008 жылы «Көкесем» және «Өнере» туристік – экскурсиялық соқпақтарының паспорттарын  Ауыл шаруашылығы министрлігі  Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті бекітті. Ал 24.09.2010жылы № 3 ғылыми – техникалық  кеңестің отырысында «Қарақия» және «Қаракөл» туристік – экскурсиялық маршруттарының паспорттары бекітілуге жіберілген болатын. Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің 05.11.2010 жылғы № 339 бұйрығымен аталған туристік-экскурсиялық маршруттардың паспорттары бекітілді.   2009 жылы туристердің алғашқы тобы келді. Алдағы уақытта сол

соқпақтар бойынша жылына 400-500 туристерді қабылдауға болады.

     Үстірт мемлекеттік табиғи қорығының аумағында әр түрлі мәдени-табиғи нысандар баршылық. Тарихи-мәдени нысандарға ескі қойымшылықтар мен белгілі тарихи тұлғаларға қойылған ескерткіш – тамдар жатады. Олар Балуанияз батыр мен Тұрмамбет батыр тамдары, Қадырберді әулие мен Табан Ата қорымы, Көкесем қойымшылығы, Елшібек қойымшылығы, Төбелтұран араны. Табиғи нысандарға Қаражар құрғақ арнасы, Қарамая тау жотасы, Көкесем шатқалдары, Кендірлі шыңдары мен Кендірлі соры, Өнере бұлағы және тау етегіндегі су көздері жатады.

Бұлардан басқа Қарағандағы жер асты үңгірі, Ақсексеуілдегі Булы ойық жер асты үңгірі – табиғаттың тылсым құпияларын ішіне бүккен тамашалар.

2004 жылы қорықтың құрылғанына он жыл толуына орай табиғат және өлкетану мұражайлары ашылған болатын. Алғашқыда санаулы жәдігерлермен ашылған мұражай бөлімдеріне күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, жаңартылып басқа жәдігерлермен толықтырылды. Мұражай төрінен  тау басындағы арқарды, сексеуіл қажап тұрған қарақұйрықты, бұлардан басқа түлкі, қасқыр,  дала мысығы,  шибөріні тамашалауға болады.

 

Келесі бөлімде көненің көзіндей көшпелі ата – бабаларымыз күнделікті тұрмыста қолданған жабдықтар қойылған. Мұражайға келушілерді қойылған бұйымдар қызықтыруда. Ата – бабаларымыздың әдет – ғұрып, салт –дәстүрін насихаттауда осындай мұражайлардың алатын орыны ерекше.

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты

Мәңгілік ел

"2050 жыл - жай бейнелі дата емес
бұл бүгінде әлемдік қауымдастық бағдар ұстап отырған нақты мерзім"

Нұрсултан Назарбаев

Фото-альбом

"Өнере" туристік маршрутында бағыттаушы белгілер мен а...

Установлены информационный стенд и указательные знаки по турмаршруту "Өнере".
Үстірт мемлекеттік табиғи қорығы РММ, ресми интернет-ресурсы
Маңғыстау обл.
Жаңаөзен, Темір жол бекеті
Қабылдау бөлімі тел.:
8 (72934) 76833
Электронды пошта :
ystyurt-oopt@mail.ru