Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі
Жаңалықтар мен мақалалар
Алабарысқа ат қоямыз!

Баспасөз -релизі

Үстірт қорығы байқау өткізеді

«Алабарысқа ат қоямыз

Құрметті Маңғыстау облысының тұрғындары!!! 

2018 жылдың қыркүйек айында Маңғыстау облысының Қарақия ауданында орналасқан Үстірт мемлекеттік табиғи қорығының ғылыми жұмысында елді елең еткізген жаңалық  болды. Қазақстан аумағында алғаш рет фототұзаққа   Алдыңғыазия алабарысы ілікті!

         Қазақстанда алабарыс туралы мәліметтер соңғы онжылдықта, 2007-2015 ж., Маңғыстау өңірінде тіркелді. Бұл екеуінде де өкінішке орай алабарыс белгілі себептермен адам қолымен өлтірілді. Кейбір жорамалдар бойынша алабарыстар көршілес Түрікменстанның  Бадхыз және Копетдаг  қорықтарынан келуі мүмкін дегенмен, зоолог-ғалым пікірінше, мұндай жиілікте көрінуі оның бұл жерде  мекендеу мүмкіндігін де жоққа шығармайды. 

         Өкініштісі, алдыңғы азия алабарысы Қазақстанның жануарлар дүниесі тізіміне де (Қазақ КСР фаунасының генетикалық қоры кітабы, 1989ж.), Қазақстанның Қызыл Кітабынада (2010ж.) енбеген.

         Біз осы алабарыстың  Үстірт қорығына, жалпы Маңғыстау өңіріне қайта оралуына, мекендеп қалуына үміттенеміз және көпшілікті алабарыс туралы тың жаңалықтармен таныстырып отыруды мойнымызға аламыз.  Ал әзірге, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі, Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті Үстірт мемлекеттік табиғи қорығы «Алабарысқа ат қоямыз!» байқауын өткізуді жоспарлап отыр.  Байқау негізінен  оқушыларға арналғанмен, қатысушылардың жасы мен құрамына шек қойылмайды. Бұл жағдайда оқушылар мен ересектердің суреттері жеке бағаланады.

Байқауға ұсынылған материалдар 2019 жылдың 25 қаңтарына дейін қабылданады,  ақпан айында қазылар алқасы байқаудың қорытындысын шығарады.

Жеңімпаздар  екі  жас санаты бойынша  (12- 16 жасжәне 16 жастан жоғары)  анықталады.  Байқау жеңімпаздары ескерткіш кәдесыйлармен сыйлықтанады  және  Үстірт қорығының табиғатын тегін тамашалауға мүмкіндік алады.

Қосымша ақпаратты қорықтың сайтынан алуға болады: http://ustirt.kz

          Электрондық нұсқаны алу үшін сурет сканерленген немесе суретке түсірілген болу керек. Суреттің атауында ұсынылған алабарыстың аты болуы тиіс. Сонымен қатар, сіз жай ғана алабарыс үшін ат  ұсынааласыз. "Алабарысқа ат қоямыз!" суретшілер байқауына  қатысуға қорықтың электрондық мекен-жайына – Ystyurt-oopt@mail.ru  жіберуіңізге болады.

Үздік суреттер Үстірт қорығының сайтында және Facebook парақшасында https://www.facebook.com/people/Устюртский-Заповедник/100011750322959 жарияланады.