Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі
Жаңалықтар мен мақалалар
Жанұялық туризм-ішкі туризмді дамытудың негізгі факторлары

04 қазан 2019 жылы Ақтауда "Жанұялық туризм-ішкі туризмді дамытудың негізгі факторлары" тақырыбымен кеңес өткізілді. Әр түрлі пікірлер айтылды. Көңілге қонымдысы да бар, дәйексіз шоқыбел ойлар да айтылды. Сөздің түйіні сол- туризмді жандандыру, көпшілікті туризм ісіне тарту.
Үстірт мемлекеттік табиғи қорығының көрікті жерлерін тамашалау үшін келетін саяхатшылар жылдан жылға өсіп келеді. Көбі шетелдік саяхатшылар. Ал, ішкі туризмнің жайы онша мәз емес. Жергілікті саяхатшылар қыдыруды, демалғанды жақсы көргенмен төлем жағына келгенде ойланып қалады. Ол қаржының табиғатты қорғау жұмыстарына жұмсалатынына мән бермейді не түсінгісі келмейді. Қорғауға алынған аумақтардың ережелеріне үрке қарайды. Бұл- туризм туралы, оны дамытудың жолдары, тиімділігі жөнінде ешқандай түсінік жұмыстары жүргізілмейді деген сөз!
Осы тақырыпты көтеріп, облыс, қала, аудан көлеміндегі жиындарда, түрлі жиналыстар мен басқосуларда айтып жүрміз. Сондай ұсыныстардың бірі-Визит орталық салу. Қазақстанның биоалуантүрлілігін сақтау ассоцациясының көмегімен Визит орталықтың концепциясы жасалды. Ұсыныс Маңғыстау облыстық туризм басқармасына, Жаңаөзен қалалық әкімшілігіне берілді.
Егер ұсыныс құпталып, Визит орталық салынып жатса, біріншіден қала сәулетіне қосылған көрнекті орын, екіншіден жергілікті тұрғындардың табиғат туралы түсінігін кеңейтуге көмек, үшіншіден қала қонақтарын қабылдау, өлкемен таныстыру және демалыс орнына айналып, қаржы көзі болар еді.