Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі
Жаңалықтар мен мақалалар
Қарақұйрық

Қарақұйрық - тері жамылғысы құм түстес, сарғыш - сұр. Тұяқтары кішкентай, қара түсті, сопақша әрі үшкір келеді. Көз алды, шат, тұяқаралық иіс бездері, көру және есту мүшелері жақсы жетілген, осылар арқылы бір - бірімен тез табысады. Тастақты, құмды, салды топырақты аймақтарда мекендеуге бейімделген. Қоныстарын жыл маусымдарына қарай, қыста сексеуіл, жынғыл өскен бұйрат - бұйрат құмдарға, жазда шөлді жерлерге қарай, қоныс ауыстырып отырады. Күйіс қайырып, демалу және ауа - райының қолайсыз жағдайларынан қорғану үшін тұяқпен тарпын қазуға оңай топырақты жерлерден шағын жатақтар жасайды. Ылғалы мол жас шөптермен қоректеніп, қар мен жаңбырдан жиналған қақтардан су ішіп шөлін қандырса, қыста қар жалайды. Жаз айларында қарақұйрық таңертең және түс қайта жайылуға шығып, түсте жатса, қыста жайылуы мен күйіс қайыруы алма - кезек ауысып отырады. Қазанның аяғынан желтоқсанның ортасына дейін күйлейді. Дәмді еті мен әдемі терісі үшін көп ауланған. Терісінен сырт киім, жазғы аяқ киім, мәсі тігіледі, саба және қауға жасаған.