Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің «Үстірт мемлекеттік табиғи қорығы» республикалық мемлекеттік мекемесі
Жаңалықтар мен мақалалар
Үстірт мемлекеттік табиғи қорығы

ЮНЕСКО Дүниежүзілік мұра тізіміне лайық Батыс Қазақстанның маржаны – Үстірт қорығына саяхатқа шақырамыз! / Приглашаем посетить Устюртский заповедник – жемчужину Западного Казахстана, достойную списка Всемирного наследия ЮНЕСКО!

(текст на русском ниже)

Үстірт мемлекеттік табиғи қорығы

Бұл Маңғыстау облысы аумағындағы Батыс Үстірт шыңдары мен үстірт алды жазықтықтың жабайы табиғаты. Таулар мен шыңдардың таңғажайып көріністері, «марстық» пейзаждар сізді Стивен Хокинг фантастика фильмдеріндегідей қызықты оқиғалар ұмытылмас атмосферасына шомылдырады! Жалғыз ғана айырмашылық – бұл жерде сіз өзіңіздің шынайы өміріңізде боласыз, экранда емес!

Бұдан да қызық жағдай – осы жерде ғажайып жануарлардың мекендеуі: үстірт тау қойы немесе уриал, кербез қарақұйрық, епті қарақұлақ немесе шөл сілеусіні, біздер оны алыстағы Африкада ғана мекендейді деп ойлайтын батыл итаю. Бірақ, зоологтардың пікірінше, нағыз дүрлікті «ғасыр оқиғасы» – Үстірт қорығында барыстың табылуы! Болжам бойынша, көрші Түркіменстан аумағынан келіп, 2018 жылдың күзінде фототұзаққа түсіп қалған алдыңғы азиялық барыстың жас еркегіне Тау шері деген ат қойылды. Содан бері ол Үстірт қорығына жерсініп жатыр.

Тарихи-мәдени нысандарды бағалаушылар үшін де бұл жер қызығушылық тудырады. Мысалы, арандар – ежелгіде тұяқтыларды аулау үшін салынған қашарлардың қалдықтары. Бұл туралы осы жерде толығырақ таныса аласыз: http://newmuynakcity.uz/sights/ustyurt-arrows/ 

Осы жерде адамдар әртүрлі тарихи дәуірлерде өмір сүрген. Бұл аумақта ежелгі керуендердің жолдары өткен, көшпенділер уақытша қоныстауға тоқтаған, дәруіштер осындағы үңгірлер мен құдықтарды айналып өтпеген.   Мазарлардағы ежелгі фарсы тіліндегі жазулар мен қазаққа таныс тамғалар бұрын осы жерде тек қана Кіші жүз емес, Орта және Ұлы жүздің де рулары мен тайпалары мекендегенін көрсетеді...

Сіздерге екі қызықты туристік маршрут ұсынылады – «Өнере» және «Көкесем».  

Үстірт қорығына турлар ұйымдастыру сауалдарыңызбен осы байланыс мәліметтері бойынша хабарласыңыз: тел. +77292776219, +77754214131 (WhatsApp, Telegram), немесе oomt.04@mail.ru эл. поштасына