Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі
Жаңалықтар мен мақалалар
Мамаева Жантөре Жакишкызы

Үстірт мемлекеттік табиғи қорығына қазан айында биология ғылымдарының докторы, биология және география кафедрасының доценті Мамаева Жантөре Жакишкызы, Ақтау қаласы №13 гимназия мектебінің биология пәні мұғалімі Ауелбаева Зайтуна, шәкірті Балбай Нұржігіт жалпы қорық туралы, соның ішінде арнайы сорлар туралы мәліметтер алуға келді. Қорықтың ғылым, ақпарат және  мониторинг бөлімінің басшысы  Ж.Устадовпен экологиялық ағарту және туризм бөлімінің мамандары табиғат туралы көптеген мәліметтерімен бөлісті. Оларға кейінгі жылдары қорықта жарияланған ғылыми кітаптар берілді. Келген қонақтар Үстірт қорығының қызметкерлеріне өз ризашылықтарын білдіріп, табиғат қорғау жұмыстарына сәттілік тіледі.