Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің «Үстірт мемлекеттік табиғи қорығы» республикалық мемлекеттік мекемесі
Жаңалықтар мен мақалалар
Үстірт қорығының аумағында орнатылған фототұзаққа түскен Алдыңғыазия алабарысының фото-видео бейнелері

Үстірт қорығының аумағында орнатылған фототұзаққа түскен Алдыңғыазия алабарысының фото-видео бейнелері

Үстірт мемлекеттік табиғи қорығы аумағында орнатылған фототұзаққа Алдыңғы азия алабарысы бірінші рет  2018 жылы түскен болатын.

Соңғы түскен уақыты 2021 жылы 17 ақпан. Қорық аумағына Алабарыс көрші Түркменстан елінен келуі мүмкін деген болжам бар. Алдыңғы азия алабарысының жалпы әлемдегі популяциясы 870–1300 бас. Қазақстан аумағында тек осы Үстірт қорығының аумағында кездесіп отыр.

Қазіргі таңда ҚБСҚ (АСБК) КАДИ «Инициатива по пустыням Центральной Азии» жобасы http://cadi.uni-greifswald.de/en/home, «Илбирс» қорының қызметкері Татьяна Розенмен @NarynTR бірлескен жобалар аясында, Үстірт қорығының мамандары Алдыңғыазия алабарысын бақылап келеді. Қазіргі уақытта КАДИ жобасы алабарысты Қазақстанның Қызыл кітабына енгізу жөнінде биологиялық негіздеме дайындап жатыр. Біз бірлесіп, бұл ерекше түрді қорғап қалудың амалын жасаймыз.