Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі
Жаңалықтар мен мақалалар
Қарамая тауы

Қарамая тауы – түсіне және орналасу пішініне қарай аталған, шығыстан батысқа қарай созылып жатқан тау жоталарының атауы. Зерттеушілердің пікірінше ежелгі мұхит түбіндегі вулкандық жарылыстардың әсерінен түзілген. Тау жыныстары мен топырақ жамылғысының айналасынан өзгешелігі – бұл пікірді растай түседі.Геологиялық жасы жетпіс миллион жылды қамтитын таудың топырақ түзілімі қара қоңыр түсті,жұмсақ,сынғыш тастардан құралған.Тастар өте ұқыпты,әдемі етіп жинақталып,текшеленіп орналасқан.Жоталардың шығыс беткейінде көмір ұнтақтары кездеседі. Өсімдік жамылғысы–жұтаң,тырбық шашыраңқы орналасқан шөлдің шөптесін өсімдіктері.Тау жоталарының етегінде ыза бұлақтар ағып жатыр.Үстірт жабайы қойы–арқар,осы тауда мекендейді.Құстардан бүркіт,жұртшы т.б.ұсақ торғайлар кездеседі.Тау жоталары алыстан мұнартып,сағымданып көрініс береді.