Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі
Жаңалықтар мен мақалалар
Алуан түсті Көкесем шатқалдары

Алуан түсті Көкесем шатқалдары – қорық аумағындағы тұщы су көздері бар, табиғаты әсем, ерекше түзілімді мекен атауы. Үстірт жонының батысқа еңкіштей құлаған, қатты тілімденген шатқал сайлары – тау табиғатын ажарландырып тұр. Шың етегінде Көкесем тұщы су бұлағы және шың басында Көкесем құдығы бар. Суының дәмділігіне байланысты «Ойда талақ, қырда Көкесем» деп айтылатын аңыз ауыз екі тілде ұмытылмай келеді.