Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің «Үстірт мемлекеттік табиғи қорығы» республикалық мемлекеттік мекемесі
Мұражай
Мұражай

Кеңсе ғимаратында 2004 жылы табиғат және өлкетану мұражайлары ашылып, жұмыс жасауда. Мұражай экспозициясында  омыртқалы жануарлардың 28 экспонаты (оның ішінде 9-ы Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген), өсімдіктер гербарийлері, палеонтологиялық экспонаттар мен минералдар топтамасы: 40-100 млн. жыл бұрынғы Тетис мұхитында мекендеген  теңіз шаяндарының, моллюскілердің қабықшалары, акуланың тістері қойылған.

Мұражайдың этнографиялық залында  ата-бабаларымыздың күнделікті тұрмыста қолданылған бұйымдары қойылған. Мұражайда барлығы 110 экспонат қойылған және барлығының айқындамасы бар.