Министерство сельского хозяйства Республики Казахстан
Қазақстандағы туризм саласы
Қазақстандағы туризм саласы

Бүгінгі таңда туризм экономикалық және әлеуметтік салада мемлекеттің дамуына айрықша ықпал ететін қызмет түрі болып табылады. Оның үстіне, ол дамыған елдерде халықты жұмыспен қамтамсыз етудің басты қозғаушы күші рөлін атқарады.

Мемлекет басшысы Нұрұлтан Назарбаев: Туризм бүгінде әлемдік экономиканың ең басты саласына айналып отыр.  Орталық Азия аймағы арқылы Ұлы Жібек  жолы өткен  Қазақстанда туризмнің қарқынды дамуына қажетті ресурстар жеткілікті. Елімізді туристтік инфрақұрылымды дамыту бағытында бірқатар іргелі шаралар жүзеге асырылуда.  Халықаралық жобаларды дәйектілікпен жүзеге асыру әлем елдері арасында мемлекетаралық , әлеуметтік – экономикалық және мәдени байланыстарды одан әрі нығайта түсуге ықпал етпек  деп атап өткен. Елбасының тікелелей  нұсқауымен туризм елдің экономикалық басымдықтарының ұзақ мерзімді дамуының жеті кластерінің бірі болып айқындалған.

Қазақтың кең – байтақ даласы космос сияқты, соңына дейін танып ө білу мүмкін емес. Алайда космостан айырмашылығы ө жомарттығы. Қай уақытта болсын қазақ киіз үйінің есігі қонақтарға ашық. Бірақ та сол шаңырағымыздың іргелі болуы үшін шетелдік инвесторлардың көмегі аса қажетті болып тұр. Бүкіл Әлем бойынша туризм саласына күніне 2млрд.долларға жуық қаражат жұмсалатыны белгілі. Туризмнің ең алдымен экономиканы арттыруға, сондай – ақ, қалалар дизайнын жақсартуға, мемлекетаралық және мәдени қатынастарды нығайтуда ықпалы өте зор. Егерде туристтік орталықтарды құру жобалары іске асса бұл біздің еліміздің ішкі туризмінің  дамуына елеулі әсер ететіні сөзсіз.  

Мұратова Баянсұлу

Үстірт мемлекеттік табиғи қорығы.

Экологиялық ағарту және туризм бөлімінің аға маманы.