Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі
Қорық режимі
Қорық режимі

Қорық  режимі

           Мемлекеттік қорықтардың режимі күзетілетін аумақтағы табиғи кешендер мен нысандардың барлық биологиялық әртүрлілігін сақтайды және табиғи жағдайы мен тұтастығын қалпында ұстауын қамтамасыз етуді көздейді.   Үстірт мемлекеттік табиғи қорығының жер аумағы 223,342 км² құрайды.  Жер аумағын қорғау қорық қызметкерлерінің соның ішінде қорық инспекторларының тікелей міндеттері және ол міндеттерін жақсы деңгейде атқарып келеді. Қорық аумағына туристтер 2008 жылдан бастап келе бастады, туристердің келуі мен кетуін қорықтың экологиялық ағарту және туризм бөлімі мамандары қадағалап, тіркеуге алуда. Бөлім 2007 жылы Үстірт қорығының экологиялық ағарту жұмыстарын жүргізуге негізделіп ашылған, ағарту жұмыстары жыл бойы облыc, қала көлемінде өткізіледі.  Қазіргі таңда шетелден  келуші туристердің  саныжылдан жылға артуда. Келген туристерге қорық режимін түсіндіріп өту туристермен тікелей байланысы бар табиғат қорғау инспекторларының, ғылым ақпарат және мониторинг бөлімі мамандарының, экологиялық ағарту  және туризм бөлімі мамандарының міндеті болып табылады.

          Қорық аумағына шыққанда төмендегі ережелер сақталуы тиіс:

  • Қорық аумағында тәртіп және тазалықты сақтау;
  • Арнайы белгіленген соқпақтар мен маршруттар бойынша жүру;
  • Жүріп келе жатқанда темекі шекпеу және қоқыстарды өртемеу;
  • Спирттік ішімдіктерді алып жүрмеу;
  • Шөптерді, гүлдерді, саңырауқұлақтарды жұлмау;
  • Аңдар мен жәндіктерді ауламау, індер мен ұяларды бұзбау;
  • Жарылғыш заттар мен қару – жарақтар алып жүрмеу;
  • Ит, мысық сияқты үй жануарларын өздерімен бірге ертпеу;
  • Жартастарға қолтаңбалар қалдырмау;
  • Радиоаппараттар мен магнитофондарды қоспау;
  • Спорттық және ойын – сауық шараларын өткізбеу;
  • Өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау;
  • Адам өміріне қауіп төндіретін улы жәндіктерден сақтану;


       «Табиғаттың адамзатсыз күні жоқ, оны айтуға табиғаттың тілі жоқ» - демекші, қорық аумағындағы тазалық жұмыстары жылына 2 реттен қорық қызметкерлерінің ұйымдастырылуымен, әр кезде әр қалай қарастырылуда, студенттердің қатысумен, мұғалімдернің қатысумен және үкіметтік емес ұйымдарын жұмылдыру арқылыөткізіліп отырады. Табиғат тазалығы алдыңғы орында болуы тиіс, себебі табиғаттың тазалығы тікелей біздің денсаулығымызбен байланысты «Дені саудың - жаны сау» - деп ілгерілер бекер айтпаған және де ел ертеңі – бүгінгі жас ұрпақтың бойына әсемдік пен Жер-анамызға деген құрмет дәнін себе білуіміз аса маңызды. Табиғатымызды аялайық, сақтайық, оны таза, сау күйінде болашақ ұрпаққа табыс ету – баршамыздың парызымыз!


Баянсұлу Мұратова

Үстірт мемлекеттік табиғи қорығы

   Экологиялық ағарту және туризм бөлімінің аға маманы