Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің «Үстірт мемлекеттік табиғи қорығы» республикалық мемлекеттік мекемесі
Туристік соқпақтар мен тарифтер
Туристік соқпақтар мен тарифтер

Құрметті достар!

Сіздерді қаймағы бұзылмаған табиғатты тамашалау үшін Үстірт қорығы аумағындағы тасты шарлар (конкрециялар), Қараған Босаға үңгірі, Қарынжарық ойпаты (Өнере), Көкесем шатқалдары, арандарды көру үшін "Өнере" және "Көкесем" туристік маршрутымен серуендеуге шақырамыз! Келіңіздер,күтеміз! Қорық аумағында болу және түнеуге қажетті шатырлар мен азық-түліктер, керекті заттардың барлығын өзіңізбен бірге алып келесіз!


ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті бекіткен төлем тарифтері бойынша төлемақы алынады.

Туристерден алынатын қызмет ақылары

  • Туристік соқпақтарды ұсыну 1(бір) адамға 1(бір) күнге- 1500 теңге
  • Мемлекеттік табиғи қорық аумағында болу 1(бір) топқа 1(бір) күнге (1 топ-10 адам):
    • Экскурсия жүргізуші- 1700 теңге
    • Жолсерік-инспектор- 1800 теңге
  • Көлік қызметін ұсыну (УАЗ автокөлігі): 1(бір) күнге – 17500 теңге

Назар аударыңыз

Көлік өзіңізден болған жағдайда бұл тариф алынбайды. Қорықтың инспектор жолсерігін алып жүру міндетті!)

Сондай-ақ, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдаланғаны үшін Қазақстан Республикасының қолданыстағы Салық кодексіне сәйкес Жаңаөзен қаласы бойынша Салық комитетінің бюджетіне 105313 коды бойынша бір адамға күніне айлық есептік көрсеткіштің 0,1%-ы (бұдан әрі АЕК) төленеді. 2021 жылы 1 АЕК 2917 теңгені құрады. Яғни күніне 1(бір) адамға бару үшін төлем 291,7 теңгені құрайды. Сонымен, келушілер 2 (екі) төлем түбіртегін ұсынғаннан кейін қорық аумағына кіру үшін рұқсат қағазы беріледі. 8(72934) 46006, 76833, 87712243870 телефон нөмірлері бойынша жұмыс күндері хабарласуға болады.(дүйсенбі-жұма). Ақтау қаласынан экскурсия жұмыстарын ұйымдастыру бойынша 87053935179, 87754214131 (Әділбек Қозыбақов) телефон нөмірлеріне хабарласуға болады.

Экскурсияға шығардан бұрын алдын-ала қорық әкімшілігімен байланысуыңызды сұраймыз!