Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі
Туры
«Өнере» және «Көкесем»



Құрметті достар! Сіздерді қаймағы бұзылмаған табиғатты тамашалау үшін Үстірт қорығы аумағындағы тасты шарлар (конкрециялар), Қараған Босаға үңгірі, Қарынжарық ойпаты (Өнере), Көкесем шатқалдары, арандарды көру үшін «Өнере» және «Көкесем» туристік маршрутымен серуендеуге шақырамыз! Келіңіздер,біз сіздерді күтеміз!!!!


Туристік маршрут №1 «Өнере»

Маршрут қорықтың күзет аумағында өткізіледі.

Маршрут түрі: Аралас (автокөлікпен, жаяу)

Маршруттың мақсаты: танымдық, экскурсиялық

Маршрут бағыты: Жаңаөзен қаласы– Құланды ауылы - Өнере – Аққұдық ауылы– Жаңаөзен қаласы.

Маршруттың ұзақтығы: жалпы 374 км, жаяу бөлігі 3-5 км.

Экскурсия ұзақтығы: 1 күн

Маршруттың жұмыс істеу мерзімі: наурыз-қазан

Топтағы адам саны: 10 адамға дейін.


Туристік маршрут №2 «Көкесем»

Маршрут қорықтың күзет аумағында өткізіледі.

Маршрут түрі: Аралас (автокөлікпен, жаяу)

Маршруттың мақсаты: танымдық, экскурсиялық

Маршрут бағыты: Жаңаөзен – Сенек ауылы – Мәмекқазған – Көкесем – Мәмекқазған - Бекет Ата грейдері – Қызылсай ауылы – Жаңаөзен.

Маршруттың ұзақтығы: жалпы 440 км, жаяу бөлігі 5-6 км.

Экскурсия ұзақтығы: 2 күн

Маршруттың жұмыс істеу мерзімі: наурыз-қазан

Топтағы адам саны: 10 адамға дейін.


Қорық аумағында болу және түнеуге қажетті шатырлар мен азық-түліктер, керекті заттардың бәрін өзіңізбен бірге алып келесіз! ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті бекіткен төлем тарифтері бойынша қорық аумағына келушілерден төлемақы алынады.

Туристерден алынатын қызмет ақылары:

Туристік соқпақтар, тамашалау алаңдарын  ұсыну 1 (бір) адамға 1 (бір) күнге  - 1500 теңге

Мемлекеттік табиғи қорық аумағында болу 1 (бір) топқа 1 (бір) күнге:

-Экскурсия жүргізуші - 1700 теңге

-Жолсерік-инспектор - 1800 теңге     (1 топ-10 адам)

Көлік (УАЗ автокөлігі) қызметтерін ұсыну: 1 (бір) күнге  - 17500 теңге


Сондай-ақ, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдаланғаны үшін Қазақстан Республикасының қолданыстағы Салық кодексіне сәйкес Жаңаөзен қаласы бойынша Салық комитетінің бюджетіне 105313 коды бойынша бір адамға күніне айлық есептік көрсеткіштің 0,1% -ы (бұдан әрі - АЕК) төленеді. 2020 жылы 1 АЕК 2651 теңгені құрайды, яғни күніне 1 (бір) адамға бару үшін төлем 265,1 теңгені құрайды.

Сонымен, келушілер 2 (екі) төлем түбіртегін ұсынады. Төленгеннен кейін қорық аумағына кіру үшін рұқсат қағазы беріледі.

Қорық аумағында болатын күндер саны төлем бағасына әсер етеді. Нақты келу-кету күндерін, адам санын көрсетіп электронды поштаға хабарлама жазылу керек. Келушілердің жеке құжаттарының, автомобильдердің төлқұжаттарының көшірмелері, сонымен қатар төлем туралы түбіртектің сканерленген нұсқасы алдын-ала жіберу керек. Жоғарыда аталған туристік қызметтерге ақы төлеу банктік арнайы есепшотқа аудару арқылы жүзеге асырылады.


Келіңіздер,біз сіздерді күтеміз!!!!
8(72934) 76833, 46006
e-mail: Ystyurt-OOPT@mail.ru
www.ustirt.kz
facebook: Ystirt-korygy@mail.ru
instagram: ystyurt


Экскурсияға шығардан бұрын алдын ала қорық әкімшілігімен байланысуыңызды сұраймыз!

Қорық аумағына шыққанда төмендегі ережелер сақталуы тиіс:

  • Қорық аумағында тәртіп және тазалықты сақтау;
  • Арнайы белгіленген соқпақтар мен маршруттар бойынша жүру;
  • Жүріп келе жатқанда темекі шекпеу және қоқыстарды өртемеу;
  • Спирттік ішімдіктерді алып жүрмеу;
  • Шөптерді, гүлдерді, саңырауқұлақтарды жұлмау;
  • Аңдар мен жәндіктерді ауламау, індер мен ұяларды бұзбау;
  • Жарылғыш заттар мен қару – жарақтар алып жүрмеу;
  • Ит, мысық сияқты үй жануарларын өздерімен бірге ертпеу;
  • Жартастарға қолтаңбалар қалдырмау;
  • Радиоаппараттар мен магнитофондарды қоспау;
  • Спорттық және ойын – сауық шараларын өткізбеу;
  • Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың экологиялық жүйелерінің бұзылуына жол бермеу мақсатында қорық аумағына жақын аймақтарға және туристік маршруттарға 5 (бес) көліктен артық техника жіберілмейді.

Қауіпсіздік шаралары:

  • Өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау;
  • Жол үстінде темекі тартпау;
  • Тік жартастар мен шыңдарға жақындамау;
  • Адам өміріне қауіп төндіретін улы жәндіктерден сақтану.