Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі

Үстірт мемлекеттік табиғи қорығы ресми интернет-ресурсы

  • Размер шрифта:

Басты бет

Үстірт қорығының тарихы

 

Үстірт мемлекеттік табиғи қорығы 1984 жылдың 12 шілдесінде Қазақ ССР Министрлер Кеңесінің №294 қаулысымен ұйымдастырылды.

            Қорық аумағы Маңғыстау облысы, Қарақия ауданының шығыс бетінде, ал әкімшілік ғимараты Жаңаөзен қаласында орналасқан. Қорықтың қорғалатын аумағы Жаңаөзен қаласынан 150-160 шақырым жерде, жер көлемі 223 342 гектар. Қорық аумағы Батыс Үстірт жонының Қараған Босаға, Көкесем, Кендірлі, Елшібек сияқты ұшпа шыңдары мен жарқабақты тауларын жағалай орналасқан. Қорық аумағында биік тау да, жазық та, тік құлама жарлар мен шыңдар да, тақтайдай тегіс айдын сорлар, сарқырап аққан бұлақтар, ғажайып тылсым сырларға толы үңгірлер мен араңдар да кездеседі.

            56000 га. жерді алып жатқан Кендірлі соры оған жалғасып жатқан төбелі – адырлы  Қарынжарық құмымен бірге Қарынжарық ойпатын түзеді.

            Үстірт қорығының негізгі ашылу мақсаты – Қазақстан шөл зонасының эталондарының бірі ретінде Оңтүстік – Батыс Үстірттің сирек кездесетін жануарлары мен алуан түрлі өсімдіктер дүниесін, табиғаттың қайталанбайтын көне дәуір ескерткіштерін сақтай отырып, тамаша табиғатын қорғау, өсімдіктер мен жан-жануарлардың табиғи түрде өсіп өнуіне қажетті жағдай жасау, ғылыми – зерттеу жұмыстарын жүргізу, табиғатты қорғау шараларының негіздерін әзірлеу және оны іс жүзіне асыру болып табылады.

            Қорық аумағында табиғи – тарихи ескерткіштер көп кездеседі. Географиялық орналасуына, геологиялық құрылымына қарай ерекше жаратылған Қарамая тауы мен Көкесем шатқалдары – басқа еш жерде қайталанбайтын құбылыстар.

            Қарамая – түсіне және орналасу пішініне қарай аталған, шығыстан батысқа қарай созылып жатқан тау жоталарының атауы. Зерттеушілердің пікірінше ежелгі мұхит түбіндегі вулкандық жарылыстардың әсерінен түзілген. Тау жыныстары мен топырақ жамылғысының айналасынан өзгешелігі – бұл пікірді растай түседі.

             Алуан түсті Көкесем шатқалдары – қорық аумағындағы тұщы су көздері бар, табиғаты әсем, ерекше түзілімді мекен атауы. Үстірт жонының батысқа еңкіштей құлаған, қатты тілімденген шатқал сайлары – тау табиғатын ажарландырып тұр. Шың етегінде Көкесем тұщы су бұлағы және шың басында Көкесем құдығы бар.Суының дәмділігіне байланысты «Ойда талақ, қырда Көкесем» деп айтылатын аңыз ауыз екі тілде ұмытылмай келеді.

            Тарихи ескерткіштерден – Балуанияз, Көкесем қорымы және әлі зерттелмеген Табан - Ата деп аталып жүрген ескі қорым тіркелген.

            Балуанияз - Х1Х ғ. Маңғыстау адайлары мен түркмен тайпалары, Хиуалықтардың арасындағы соғыстарда ерекше көзге түскен, Балықшы руының батыр атағын алған тұлға. Ескі атаулары Қалмақ үйген, Қараоба (Қалмақ үйген Қараоба болуы да мүмкін) деп аталатын төбенің басына жерленген. Қазір бұл төбе батыр атымен аталады.

            Көкесем қорымы - Көкесем құдығынан шығысқа қарай 1км жердегі төбе басында орналасқан. Х ғ. ескерткіштерінен басталатын 200 – ге тарта нысандар тіркелген. Мемлекеттік қорғауға алынған, зерттеуді қажет етеді.

            2007 жылы қорық аумағының үш жерінен (Мәмекқазған, Кендірлі, Өнере) кордондар салынды.

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты

Мәңгілік ел

"2050 жыл - жай бейнелі дата емес
бұл бүгінде әлемдік қауымдастық бағдар ұстап отырған нақты мерзім"

Нұрсултан Назарбаев

Фото-альбом

...

автор фото: Жаскайрат Нурмухамбетов
Үстірт мемлекеттік табиғи қорығы РММ, ресми интернет-ресурсы
Маңғыстау обл.
Жаңаөзен, Темір жол бекеті
Қабылдау бөлімі тел.:
8 (72934) 76833
Электронды пошта :
ystyurt-oopt@mail.ru