A A A Ц Ц Ц Ц

ШРИФТ:

Arial Times New Roman

ИНТЕРВАЛ:

х1 х1.5 х2

ИЗОБРАЖЕНИЯ:

Черно-белые Цветные
Республиканское государственное учреждение «Устюртский государственный природный заповедник» Комитета лесного хозяйства и животного мира Министерства экологии и природных ресурсов Республики Казахстан

Выберите язык

МЕНЮ

Директор

Бекмагамбетова Эльнара Нурадиновна

тел: 8 771 224 38 70

Заместитель директора по научной работе

Ермек Жасқайрат Ермекұлы

Тел: 87056551584

Заместитель директора

Қ.Мамаев

Моб.тел: 8 702 961 6388

 

2026 жылдың 24 ақпанында ғылым, ақпарат және мониторинг бөлімінің басшысы Ж.Устадов және ғылыми қызметкерлер табиғи кешендер мен нысандарды қорғау бөлімінің мемлекеттік инспекторлары үшін жылдық жұмыс жоспарына сәйкес семинар сабақтарын өткізді. Семинар бағдарламасы келесі тақырыптарды қамтыды: «Үстірт қорығының флорасы мен фаунасы және Қызыл кітапқа енген аң-құстар»; «Қорықтың бауырымен жорғалаушылары»; «Қорық аумағындағы ауа райы құбылыстарын бақылау және фенологиялық парақты дұрыс толтыру әдісі»; «Өсімдіктер мен жабайы жануарларға фенологиялық бақылау жүргізу». Семинардың мақсаты – Үстірт қорығының флорасы мен фаунасын таныстыру, сирек кездесетін және Қызыл кітапқа енгізілген түрлердің ерекшеліктерін түсіндіру, ауа райы құбылыстарын бақылау мен фенологиялық парақты толтыру әдістерін үйрету, сондай-ақ табиғи ортадағы маусымдық өзгерістерді тіркеу арқылы табиғатты қорғау жұмыстарының тиімділігін арттыру. Семинар барысында жабайы жануарлардың тіршілік ету ортасын сақтау және қорғау жолдары, фототұзақ арқылы мониторинг жүргізу әдістері, популяцияны есепке алу және деректерді талдау тәсілдері қарастырылды. Сонымен қатар, табиғатты қорғау ережелері, инспекторлардың қызметтік міндеттері және қауіпсіздік шаралары да талқыланды.