A A A Ц Ц Ц Ц

ШРИФТ:

Arial Times New Roman

ИНТЕРВАЛ:

х1 х1.5 х2

ИЗОБРАЖЕНИЯ:

Черно-белые Цветные
Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі, Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті «Үстірт мемлекеттік табиғи қорығы» республикалық мемлекеттік мекемесі.

Select your language

МЕНЮ

Директордың ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары

Нурмухамбетов Жаскайрат Эрмекович

Ұялы тел: 87002961384

Директордың орынбасары

Ағиев Меңдібай Ізтұрғанұлы

Ұялы тел: 87718383013

Жалпы мәліметтер

Үстірт мемлекеттік табиғи қорығы 1984 жылы 12 шілдеде Қазақ КСР-нің Министрлер Кеңесінің № 294 Қаулысымен ұйымдастырылған. Қорықты құру мақсаты – Қазақстанның Оңтүстік-Батысындағы шөлдік аймақтың табиғи кешендерін табиғи күйінде сақтап қалу.

Қорықтың жұмысы үш бағыт бойынша орындалады:

  • қорықтың аумағын қорғау, қорғалатын табиғи кешендердің табиғи күйінде сақталуын қолдау;
  • табиғат жылнамасын жүргізу арқылы экологиялық мониторинг жүргізу, ғылыми зерттеулер жүргізу;
  • жергілікті халыққа экологиялық ағарту жұмыстары арқылы табиғат қорғауды насихаттау;

Қорық аумағы Үстірт платосының батыс шыңдарының бір бөлігін, платоның енсіз жолағын және кең ойысты (Кендірлі сор) алып жатыр. Әкімшілік-аумақтық бөліну бойынша қорық Маңғыстау облысы Қарақия ауданының жерінде орналасқан. Үстірт мемлекеттік табиғи қорығы Арал-Каспий суайырығының аумағындағы Үстірт жонының оңтүстік-батыс бөлігінде орналасқан. Оның аумағы ендік бағытта ең жалпақ бөлігі 43 км-ге (шығыс бойлығы 54˚ 09' бастап, 54˚ 55' дейін), меридиандық бағытта – 95 км-ге (1942 ж. координаталар жүйесі бойынша солтүстік ендігі 42˚ 34' - 43˚ 23') созылған.  Қорықтың жалпы ауданы 223 342 га құрайды. Ол Үстірттің Батыс шыңдарының оңтүстік бөлігін (солтүстік-батыста Мәмекқазған құдығынан бастап, оңтүстікте Қызылсай шатқалына дейін), оған жалғасып жатқан Үстірт жонының жіңішке шыңды жолағын, Қарынжарық – Кендірлі-сор ойпатының шығыс бөлігі мен Карынжарық құмды алқабының фрагменттерін, сонымен қатар, Қарамая тауын қамтиды. Қорықтың ең биік нүктесі Көкесем құдығы ауданындағы Үстірттің Батыс жонында (теңіз деңгейінен +340 м биіктікте), ең төменгі нүктесі Кендірлі сордың солтүстік бөлігінде (-52 м) орналасқан.

Жер бедері мен топырақтың әртүрлілігінен қорықтың флорасы мен фаунасы алуан түрлі болып келеді: қазіргі уақытта оның аумағында өсімдіктердің 403 түрі, сүтқоректілердің 33, құстардың 174, бауырымен жорғалаушылардың 15, қосмекенділерден 1 түр тіркелген.

Соның ішінде ҚР Қызыл кітабына: өсімдіктерден-майда қатыран, берік сүттіген, хиуа сораңы, кәдімгі жұмсақ жеміс, бор рияңы, құстардан – кішкене аққұтан, жалбағай, қарабай, қоқиқаз, жыланжегіш қыран, дала қыраны, қарақұс, бүркіт, сақалтай, жұртшы, ителгі, лашын, тазтырна, жекдуадақ, қарабас өгіз шағала, қарабауыр бұлдырық, қылқұйрық бұлдырық, үкі; бауырымен жорғалаушылардан: Палассов қарашұбар жыланы; сүтқоректілерден: арқар, қарақұйрық, қарақұлақ, итаю, сабаншы, шұбар күзен, шағыл мысығы, Оңтүстік-Батыс Азия қабыланы, ақбауыр жарқанат енген.

Қорықтың әкімшілік ғимараты Жаңаөзен қаласында орналасқан. Қорық әкімшілігіне ең жақын шекара нүктесі 130 км және облыс орталығы Ақтау қаласы 150 км жерде орналасқан. Қорық аумағына Жаңаөзен қаласынан Қызылсай ауылынына (22 км), әрі қарай Бекет Ата грейдерімен (94 км), содан кейін шығысқа қарай Балуанияз Ата қорымына дейін (40 км), қорымнан 1,5 км жерде Мәмекқазған кордоны орналасқан. Қорықтың оңтүстік шекарасына Жаңаөзен қаласынан Құланды ауылына (15 км), әрі қарай Кендірлі-Қаясан дөңі арқылы қорықтың кордоны орналасқан Өнере жеріне дейін (120 км). Қорық аумағына ең жақын орналасқан елді мекен Аққұдық ауылы(30 км).

Басқару жоспары