22 қараша 2023ж. «Үстірт МТҚ» РММ экологиялық ағарту және туризм бөлімінің ұйымдастыруымен «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтың құндылығы» тақырыбында кездесу өтті. Қорық ғимаратында өткен кездесуге Жаңаөзен қалалық білім бөлімі, «Жаңаөзен қалалық жастар ресурстық орталығы» КММ өкілдері, «Каспий» педагогика және салалық технологиялар колледжі студенттері мен жетекшісі, қорықтың «Үйлестіру кеңесінің» мүшелері қатысты.
Кездесуде Үстірт қорығындағы экологиялық туризмді дамыту, жолға қою мәселелері, қорықты қорғау жұмыстарын ұйымдастыру, ғылыми зерттеу жұмыстары туралы айтылды. Қатысушылар да осы мәселелер төңірегіндегі ой-пікірлерін айтып, ұсыныстарын білдірді.