A A A Ц Ц Ц Ц

ШРИФТ:

Arial Times New Roman

ИНТЕРВАЛ:

х1 х1.5 х2

ИЗОБРАЖЕНИЯ:

Черно-белые Цветные
Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі, Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті «Үстірт мемлекеттік табиғи қорығы» республикалық мемлекеттік мекемесі.

Select your language

МЕНЮ

Директор

Бекмагамбетова Эльнара Нурадиновна

тел: 8 771 224 38 70

Директордың орынбасары

Ағиев Меңдібай Ізтұрғанұлы

Тел: 87718383013

Директордың ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары

Ермек Жасқайрат Ермекұлы

Тел: 8 705 655 1584

Құланды ауылындағы «Таза Қазақстан» акциясына орай өткен сенбілік

2025 жылдың 15- наурыз күні Құланды ауылында «Таза Қазақстан» акциясы аясында “Бүкілқазақстандық ағаш отырғызу күніне” орай үлкен сенбілік ұйымдастырылды. Сенбілікке Үстірт мемлекеттік табиғи қорығы мемлекеттік мекемесінің қызметкерлері және жергілікті тұрғындар қатысты

Сенбілік барысында ауылдың балалар ойын алаңдарына ағаштар отырғызылды. Бұл қадам балалардың демалу орнының жасыл желегі мен экологиялық жағдайын жақсартуға бағытталған. Сонымен қатар, ауыл аумағында қоқыс тазарту жұмыстары жүргізіліп, қоршаған ортаны қорғау мәселесіне назар аударылды.

“Таза Қазақстан” акциясы аясында, 80 дана тал егіліп, 8 куб қоқыс шығарылды.

Сенбілікке қатысушыларға:
• Ауыл аумағын тазарту жұмыстарына көмек көрсеткендері үшін алғыс білдірілді.
• Табиғатты қорғау және экологиялық мәдениетті насихаттау бойынша ақпараттық үндеулер жасалды.

Бұл шара тек табиғат қорғау жұмыстарын ғана емес, сондай-ақ ауыл тұрғындарын бір мақсатқа жұмылдырып, қоғамдағы экологиялық жауапкершілікті арттыруды көздеді.

Ұйымдастырушылар: Үстірт мемлекеттік табиғи қорығы және Құланды ауылы әкімдігі.