29 сәуір 2026 жылы Үстірт мемлекеттік табиғи қорығы Жаңаөзен қаласындағы №10 орта мектепте «Биоалуантүрлілікті сақтау» тақырыбында дәріс ұйымдастырды.
Іс-шараның негізгі мақсаты – оқушыларға табиғатты қорғаудың маңыздылығын түсіндіру, сирек кездесетін жануарлар мен өсімдіктерді сақтау қажеттілігі туралы ақпарат беру және экологиялық мәдениетті қалыптастыру болды. Дәріс барысында Үстірт қорығында кездесетін ерекше жануарлар мен өсімдіктер, олардың тіршілік ету ортасы және оларды қорғау шаралары жайлы мәліметтер ұсынылды.




