Қаламыздағы 20 ЖББМ 28 сәуір күні “Парктер шеруі - 2025” табиғатты қорғау акциясы аясында “Мамыр қызғалдақтар” мерекесіне орай қолөнер байқауы ұйымдастырылды.
Байқаудың мақсаты: Оқушыларды қолөнерге баулу арқылы, шеберлікке үйрете отырып, кең даламыздағы қызғалдақ гүлін аялауға, қорғауға тәрбиелеу.
Қолөнер - халқымыздың қасиетімен ұрпақтан - ұрпаққа ауысып, тамырын тереңге жайып келе жатқан мұрасы.
Байқауға 6-7 сынып оқушылары қатысты. Оқушылар өз қолдарымен қызғалдақ гүлінің сұлулығын, әсемдігін, өз ойы-армандарымен ұштастыра отырып, асқан шеберлікпен жан-жақты бейнелеп, белгілі уақыт ішінде жасаған бұйымдарын көрсетті.
Байқауға қатысқан оқушалар 1,2,3 орынды Дипломдармен және “Шебердің қолы алтын”, “Өнерлі өрге жүзер”, “Ең ерекше бұйым” номинацияларына иеленіп және “Үстірт мемлекеттік табиғи қорығы” РММ атынан берілген сыйлықтармен марапатталды.