Қазақстанның Батыс өңіріндегі ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың бірі- Үстірт қорығы
Қазақстанның Батыс өңіріндегі ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың бірі- Үстірт қорығы. Шөл зонаның табиғи кешені мен табиғи ландшафттың алуан түрлілігін табиғи түрде сақтап қалу үшін қорғау жұмыстары, ғылыми зерттеу жұмыстары және экологиялық ағарту шаралары жүргізіледі.
16.01.2024-24.01.2024ж Жаңаөзен қаласы №21 ЖББМ оқушыларына биыл құрылғанына 40 жыл толатын қорықтың биоалуантүрлілігі мен табиғи кешендері туралы дәріс өткізілді. Оқушыларға қорық аумағында мекендейтін жануарлар, құстар, жәндіктер мен өсімдіктері туралы мағлұмат айтылды.