2026 жылғы 11 маусым күні Үстірт мемлекеттік табиғи қорығына ғылыми тәжірибе алмасу мақсатында Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ғалымдары іс-сапармен келді.
Қонақтар қатарында Археология, этнология және музеология кафедрасының профессоры, тарих ғылымдарының кандидаты Картаева Тәттігүл Ерсайынқызы, философия докторы, аға оқытушы Ермекбаева Айнұр Шоқанқызы және «Археология» білім беру бағдарламасының докторанты, кіші ғылыми қызметкер Ибрагимов Нұржан Еділұлы болды.
Кездесу барысында қорық аумағындағы тарихи-мәдени мұра нысандары, археологиялық зерттеулер жүргізу мүмкіндіктері және ғылыми ынтымақтастық мәселелері талқыланды.
Ғылым мен табиғатты қорғау саласындағы мұндай кездесулер тәжірибе алмасуға және болашақтағы бірлескен жобаларды жүзеге асыруға жол ашады.




