21 сәуір күні "Парктер шеруі - 2026" акциясы аясында жер күніне орай Жаңаөзен қаласы бойынша №18 ЖББМ 8 сыныптары арасында "Жерді сақтау - болашақты сақтау" танымдық сайыс сабағы өткізілді.
Бұл сайыстың мақсаты: оқушыларды экологиялық білімдерін сарапқа салу, логикалық ойлау қабілетін дамыту, табиғатты қорғауға белсенді атсалысуға тәрбиелеу.
Сайыс төрт кезеңнен тұрды.
1 кезең - "Бәйге",
2 кезең - "Экологиялық логика",
3 кезең - "Кім жылдам?",
4 кезең - "Жер анаға хат".
Әр кезеңде оқушылар белсенді қатысып, 1 орын "Табиғат сақшылары" тобы, 2 орында "Жасыл әлем" тобы, 3 орын "Жас экологтар" тобы дипломмен марапатталды.




