5 маусым 2026 жылы Жаңаөзен қаласы Теңге ауылы «Атамұра» мәдениет үйінде «Парктер шеруі - 2026» халықаралық табиғатты қорғау акциясының жабылу салтанатын экологиялық ағарту және туризм бөлімінің мамандары ұйымдастырды.
Мақсаты: Акция кезінде табиғатты қорғау сақтау бағытында атқарылған жұмыстарды қортындылап, белсенді қатысушыларды марапаттау. Мерекелік шарада мәдениет саласының қызметкерлері өз өнерлерін ортаға салып паш етті. Қонақтарға мерекелік көңіл күй сыйлап, би билеп ән айтылды.
Шараға Жаңаөзен қаласының Білім бөлімінің оқу әдістемелік орталығы қызметкерлері, мектеп басшылары, «Атамұра» мәдениет үйінің қызметкерлері, бұқаралық ақпарат құралдары, ұстаздар, ата - аналар мен оқушылар , сонымен қатар Үстірт мемлекетттік табиғи қорығының ғылым, ақпарат мониторинг бөлімінің аға ғылыми қызметкерлері мен табиғи кешендер мен нысандарды қорғау бөлімі мемлекеттік инспекторлары қатысты. Барлық қатысушы саны 152. Жыл бойы шараға белсенді қатысушыларға Жаңаөзен қаласы бойынша білім бөлімінің оқу әдістемелік орталығымен Үстірт мемлекеттік табиғи қорығы бірлесіп сертификаттар мен алғысхаттар табысталды.
Экологиялық ағарту және туризм бөлімінің аға маманы: Баданова.Р




