Үстірт мемлекеттік табиғи қорығының экологиялық ағарту және туризм бөлімінің ұйымдастыруымен жоспардан тыс 2026 жылдың 5 - інші мамырында ,,Парктер шеруі - 2026 ,,халықаралық табиғатты қорғау акциясы аясында ,,Үстірттің тылсым сырлары ,, атты қалалық жас ақындар мүшәйрасы Теңге ауылындағы №14 ЖББМ - де өтті. Мүшәйраның мақсаты: Үстірт өңірінің табиғатын, тарихи - мәдени мұрасын насихаттап, жас ақындардың шығармалары арқылы туған жердің әсемдігін сезінуге, сүюге, аялауға баулу. Мүшәйраға Жаңаөзен қаласындағы жалпы білім беретін мектептерден 6 - 7 - 8 сынып оқушылары арасынан 1 оқушыдан қатысты. Мүшәйра мынадай шарттармен өткізілді: Шығарған өлең шумақтары тақырыпқа сай болуымен; Өлеңдер қазақ тілінде жазылуымен; Бұрын жарияланбаған, автордың өз туындысы болуымен; Өлең 5 - 10 шумақтан кем болмауымен; Өлеңді қатысушы белгіленген орында 1 сағат уақыт аралығында шығаруымен; Өлең оқыған оқушының жүріс - тұрсына, сахнадағы мәдениетіне, оқу шеберлігі мен дауыс мәнеріне, тіл тазалығына, киім сәніне басты назар аударылумен қамтылды.Мүшәйра осы аталған шарттар арқылы орындалып өз мәресіне жетті. Қазылар алқасы мүшәйраның бағалау критерийлеріне қарап оң бағасын берді. Жеңімпаздар ,,Үстірт,, МТҚ атынан Диплом, Алғыс және сыйлықтармен марапатталды.




