Қаламыздағы №7 ЖББМ - те "Үстірт детективі" атты тақырыппен танымдық сайыс сабағы ұйымдастырылды. Сайыс сабағы төрт кезеңнен тұрды.
1 - кезең QUIZ
2 - кезең "Таңбалы жолдар"
3 - кезең "Өсімдік жұмбағы"
4 - кезең "Дыбыс жұмбағы"
Сайысқа 7 сыныптар қатыстырылды.Сайыс өте қызықты өтті. Оқушылар белсенділікпен қатысып, 1 орынды - 7 "Ғ" сынып, 2 орынды - 7 "В" сынып, ал 3 орынды - 7 "Ә" сынып иеленді. Соңынан оқушылар Үстірт мемлекеттік табиғи қорығының дипломдарымен және сыйлықтармен марапатталды.




