1.10.2026 жылы “Үстірт мемлекеттік табиғи қорығы” РММ - нің Экологиялық ағарту және туризм бөлімінің мамандарының ұйымдастыруымен 14 жалпы білім беретін коммунальдық мемлекеттік мекемесі мен бірлесіп 5 “ә” сынып оқушыларымен “4 қазан - Дүниежүзілік жануарларды қорғау күніне” орай “Үстірт қорығы - жануарлар әлемінің мекені” тақырыбында танымдық сайыс сабағы өткізілді. Сайыс 6 кезеңнен тұрды. Сайысқа “Арқар”, “Қарақал”, “Ақбөкен” болып үш топқа бөлініп, білімдері мен шапшаңдықтарын қолданып, белсенді қатысты.Топтарға 1,2,3 орын беріліп, дипломмен марапатталды.




