Үстірт мемлекеттік табиғи қорығы ғимаратында аумақты абаттандыру және санитарлық тазалықты сақтау мақсатында кезекті тазалық жұмыстары ұйымдастырылды. Іс-шара барысында қорық қызметкерлері мекеме аумағында санитарлық-тазалық жұмыстарын жүргізіп, айналаны тұрмыстық қалдықтар мен қоқыстардан тазартты. Сонымен қатар, ғимарат маңайын ретке келтіру, тазалықты сақтау және қоршаған ортаның эстетикалық келбетін жақсарту бағытында бірқатар жұмыстар атқарылды. Аталған шара қоршаған ортаны қорғау, экологиялық мәдениетті қалыптастыру және тазалықты сақтау мақсатында өткізілді. Тазалық жұмыстарына қорық қызметкерлері белсенді қатысып, табиғатты аялау мен экологиялық жауапкершілікті насихаттауға өз үлестерін қосты.




