Үстірт мемлекеттік табиғи қорығы “Таза Қазақстан”
30 қаңтар 2026 жыл Үстірт мемлекеттік табиғи қорығы “Таза Қазақстан” республикалық экологиялық акциясы аясында маңызды игі іс-шара ұйымдастырып отыр.
Атап айтқанда, Теңге ауылы №14 жалпы білім беретін мектебінің 5–6 сынып оқушыларымен бірлесе отырып, Маңғыстау облыстық ботаникалық бағынан алынған Клеон, Гледичия және Катальпа ағаш тұқымдарын отырғызу жұмыстарын жүргізудеміз.
Бұл шараның басты мақсаты – өскелең ұрпаққа экологиялық мәдениетті қалыптастыру, табиғатты аялау мен қорғаудың маңызын ерте жастан түсіндіру. Балалар бүгін тек ағаш отырғызып қана қоймай, өз қолымен табиғатқа үлес қосып жатқанын сезінді.
Осындай бірлескен экологиялық акциялар арқылы біз қоршаған ортаны қорғау – әр азаматтың ортақ міндеті екенін көрсеткіміз келеді. Алдағы уақытта да мұндай шаралар жалғасын табады деп сенеміз.
А.Абиев

