Үстірт мемлекеттік табиғи қорығында табиғи кешендер мен нысандарды қорғау, сондай-ақ ЮНЕСКО-ның табиғи мұраларды сақтау бағытындағы талаптарын орындау мақсатында тиісті жұмыстар жүргізілуде.
Қорық директоры Э.Н.Бекмагамбетованың тапсырмасына сәйкес, табиғи аумақтарды қорғау және белгіленген талаптардың сақталуын қамтамасыз ету бағытында жұмыстар ұйымдастырылуда.Аталған жұмыстарға директордың ғылыми жөніндегі орынбасары Ж. Ермек қатысып, табиғи мұраны сақтау мен қорғауға бағытталған міндеттерді орындауда.Үстірттің бірегей табиғатын сақтау, оның биоалуантүрлілігін қорғау және болашақ ұрпаққа аман жеткізу - баршамызға ортақ міндет.




