«Таза Қазақстан» акциясы еліміздің барлық аймағында өткізіліп жатқан жалпыұлттық экологиялық акция. Акцияны өткізудің басты мақсаты – қоршаған ортаны қорғау, сақтау, экологиялық мәдениетті қалыптастыру.
17 наурыз 2025 жылы "Болашақты бірге отырғызайық" акциясының аясында №11 ЖББМ мектеп оқушылары және қорық қызметкерлерінің қатысуымен ағаш тұқымдары отырғызылды.
Мектеп оқушылары табиғатқа қамқорлық жасаудың тәжірибесін жасап көріп, ормандарды сақтау және көбейту саласына өз үлестерін қосты.

