21 сәуір күні «Парктер шеруі–2026» акциясы аясында Жер күніне орай Жаңаөзен қаласы бойынша А.Құнанбаев атындағы №19 жалпы білім беретін мектептің 4 «Ә» сыныбында «Жерді сақтау – болашақты сақтау» тақырыбында танымдық тәрбие сағаты өткізілді. Сабақтың мақсаты – оқушыларды табиғатты қорғауға, туған елін, жерін сүюге, мейірімділік пен ізгілікке тәрбиелеу, сондай-ақ экологиялық білім беру. Танымдық сабақ барысында оқушылар мақал-мәтелдер айтып, жұмбақтар жасырып, сахналық көріністер қойып, сурет салып, белсенділік танытты. Сабақ соңында белсенді қатысқан оқушылар алғыс хаттармен марапатталды.




