Құстар – биосфераның ажырамас бөлігі, олар экожүйелердің тұрақтылығын қамтамасыз етеді: зиянкестерді жояды, өсімдіктердің тозаңдануына ықпал етеді және табиғи тепе-теңдікті сақтайды. Халықаралық Құстар күнінің басты мақсаты – қоғам назарын құстарды қорғауға, олардың мекен ету ортасын сақтауға және экологиялық мәдениетті арттыруға бағыттау.
2026 жылдың 30 наурызында Қарақия ауданы Болашақ ауылы әкімшілігінің статистикалық маманы Сәбиев Ақылбек Нұртасұлы және Кадыров Жанибек Эшимұлы, Бағдавлетов Маңғыстау Кеңесұлы әлсіреген аққу туралы Үстірт қорығы әкімшілігіне хабарлап, құсты аман сақтау мақсатында ерекше әрекет жасады. Аққу Болашақ–Жаңаөзен теміржол бекеті арқылы қорық қызметкерлеріне жеткізілді.
Үстірт қорығының ғылыми қызметкерлері С.Турмагамбетов пен Н.Жабас құсты тексеріп, оның өміріне қауіп жоқ екенін анықтап, әлсіреген аққуды Жаңаөзен қаласы маңындағы жасанды көлге жіберді.
Бұл оқиға – табиғатты қорғаудағы азаматтық жауапкершіліктің, сүйіспеншіліктің және экологиялық мәдениеттің жарқын үлгісі.
Құстар күні қарсаңында Маңғыстау облысы Болашақ ауылының тұрғындарына шексіз алғысымызды білдіреміз!
Табиғатты қорғау жолында сіздердің қамқорлықтарыңыз үлкен үлгі.




