19 ақпан - орнитологтар күні!
Грек тілінен аударғанда «құстар туралы ғылым (зерттеу)» деп аударылған «орнитология» термині 16 ғасырда итальяндық натуралист Улисса Алдровандидің арқасында пайда болды деп саналады. 2025 жыл елімізде "жұмысшы мамандықтар жылы" деп жарияланды. Бұл бастама жұмысшы мамвндықтардың маңыздылығын арттыруға бағытталған. Еліміздің басты өндірістік қуаты - кәсібін жетік меңгерген мамандар. Сондай мамандардың бірі - орнитолог.
Орнитолог - табиғат пен құстарды зерттеуші маман.Үстірт қорығының орнитолог маманы Жасқайрат Нурмухамбетов 2008 жылдан бері қорықтың табиғат қорғау жұмыстарында белсенді қызмет атқарып келеді. Көптеген ғылыми жетістіктері бар ғылыми қызметкер.

