2026 жылдың 19–23 қаңтар аралығында Ақтөбе қаласында М.Габдуллин атындағы Төтенше жағдайлар министрлігі академиясының базасында «Мемлекеттік орман күзеті, орман өртін сөндіру станциясының қызметкерлерін, орман және табиғат қорғау мекемелерінің басшыларын оқытуды ұйымдастыру және өткізу қағидаларын бекіту» тақырыбында семинар өткізілді.
Аталған семинарға Үстірт мемлекеттік табиғи қорығы директорының ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары Ж.Е.Ермек қатысып, кәсіби біліктілігін арттыру бойынша оқу бағдарламасын меңгерді. Семинар барысында орман және табиғат қорғау саласындағы заманауи әдістемелер, өрт қауіпсіздігі, сондай-ақ табиғи ресурстарды қорғау мен басқарудың ғылыми негіздерін үйренді.

