2026 жылдың 24 тамызында Ақтау қаласында Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму бағдарламасы ұйымдастырған Каспий аймағындағы дайындық кеңесу кездесуі өтті. Бұл кеңеске Үстірт мемлекеттік табиғи қорығы директорының орынбасары Қ.Мамаев және ғылым, ақпарат және мониторинг бөлімінің басшысы Ж.Устадов қатысты. Консультативтік кеңестің басты мақсаты – Каспий теңізінің экологиялық проблемаларын шешу жолдарын талқылау, табиғатты қорғау бағыттарын нығайту.
Мұндай кездесулер аймақтың тұрақты дамуына, биоалуантүрлілікті сақтауға және қорғауға үлес қосады.




