Үстірт мемлекеттік табиғи қорығы аумағында аса сирек кездесетін барыс фототұзаққа түсті. Бұл деректер Үстірт қорығының осы ерекше және жойылып бара жатқан түрдің табиғи ортасы ретінде маңызды рөл атқаратынын тағы да дәлелдейді. Жыртқыштың наурыз және мамыр айларында фототұзаққа түскені анықталды. Қазіргі таңда қорық қызметкерлері барыстың қозғалысын бақылауды жалғастырып жатыр.




