Бұйра бірқазан Кудрявый пелика́ н
Pelecanus crispus
Бұйра бірқазан - əлемдегі ең ірі құс түрлерінің бірі. Дене тұрқы 1,8 м-дей, салмағы 13 килограмға дейін жетеді. Өзіне тəн ерекшелігі – тұмсығының құрылымы. Тұмсығы өте ұзын жəне тұмсығының астыңғы жағында 11 литрге дейін азық жинайтынсозылғыш тері қапшығы болады. Аяқтары қысқа жəнеденесіне жақын орналасқан, ал қанаттары кең, ұзын келеді.
Бірқазандар топтанып тіршілік етеді. Олар үлкен суқұзғынымен жеке шоғырлар құрып, əрі жұп болып ұялай береді. Негізгі қорегі – балықтар.
Бірқазандар суда жақсы жүзгенімен, суда сүңги алмайды. Себебі, терісінің астында ауа қапшығы бар.
Фото авторы: Ж.Э.Нурмухамбетов.


