Балықшы тұйғын
Скопа
Pandion haliaetus
Сұңқартәрізділер отряды – Отряд Соколообразные - Falconiformes
Балықшы тұйғындар тұқымдасы – Семейство Скопиные – Pandionidae
Таралуы. Ертеде Қазақстанның көптеген су қоймаларында мекендеген. Қазір негізгі ұялайтын орындары Марқакөл көлі мен Қара Ертіс өзені. Бұлардан басқа 1976 жылы. Жаркент қаласынан оңтүстікке қарай Өсек көлінде, 1981 жылы Орал қаласына жақын Жайық өзенінде, 1982 жылы. Қапшағай су қоймасында Кіші Қалқанда, 1985 жылы Сырдария өзенінде ұялары табылған. 1981-1985 жылдары бірен-саран жұптары ұялайтын мерзімде Зайсан көлінде, Павлодар облысындағы Ертіс өзенінің бойында, Балқаш көлінің оңтүстік жағалауында, Бұқтырма өзенінің аңғарындағы көлдерден де кездеседі.
Биологиялық ерекшелітері. Наурыздың аяғы – сәуірде ұшып келеді. Сәуірдің аяғы – мамырдың басында жұмыртқа салады. Ұяда 2-3, өте сирек 4 жұмыртқа болады. Шайқау 34-40 күнге, орташа 37, созылады. Балапандары ұяда 49-60 тәулік болады. Қайтуы тамыздың үшінші онкүндігінен 20 қазанға дейін созылады. Негізінен балықпен қоректенеді.