Бор рияны
Семейство Rubiaceae - Мареновые
Батыс Қазақстан эндемигі. Көпжылдық өсімдік, кейде жартылай бұта, қысқа қарай сабақтары қурап қалады. Күлтелері сары, масақ тәрізді қоңыраулы болып келеді. Тұқым арқылы көбейеді. Мамыр-маусымда гүлдеп, шілде-тамызда жеміс береді. Қазақстан Қызыл кітабына енгізілген. Борлы таулардың беткейлерінде көп кездеседі. Батыс Қазақстанда, Ембі өзені бассейні, Мұғалжар, Солтүстік Үстіртте өседі.





