14 сәуір 2026 жылы Үстірт мемлекеттік табиғи қорығының ғимаратында ғылым, ақпарат және мониторинг бөлімінің басшысы Ж. Устадов қорық қызметкерлері мен инспекторларға «Биоалуантүрлілікті сақтау» тақырыбында дәріс өткізді.
Дәріс барысында биоалуантүрліліктің маңызы, экожүйелердің тұрақтылығын сақтаудағы рөлі және сирек кездесетін әрі жойылып бара жатқан өсімдіктер мен жануарлар түрлерін қорғау мәселелері кеңінен қарастырылды. Сонымен қатар, қорық аумағында жүргізіліп жатқан ғылыми-зерттеу және мониторинг жұмыстары туралы ақпарат берілді.
Іс-шара аясында табиғатты қорғау бағытындағы заңнамалар мен ережелерді сақтау, өрт қауіпсіздігі талаптарын күшейту, сондай-ақ антропогендік әсерді азайту жолдары түсіндірілді. Қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріліп, пікір алмасу ұйымдастырылды.
Дәрістің негізгі мақсаты – қорық қызметкерлерінің кәсіби білімін арттыру, табиғи кешендерді сақтау бағытындағы жұмыстарды жетілдіру және биоалуантүрлілікті қорғау бойынша жауапкершілікті күшейту болып табылады.




