Фототұзақ – бұл табиғатты қорғау және аң-құстардың тіршілігін зерттеу үшін қолданылатын заманауи құрал. Қазақстанның ерекше қорғалатын табиғи аймақтарында жануарлар дүниесін зерттеу мен қорғау үшін фототұзақтар кеңінен қолданылады. Бұл құрылғылар жануарларды мазаламай, олардың табиғи тіршілігін бейнеге түсіруге мүмкіндік береді. Фототұзақтың негізгі артықшылықтары: жануарлардың сирек кездесетін түрлерін анықтау; экожүйелердің жағдайын бақылау; ғылыми деректерді жинақтау және талдау; Фототұзақ арқылы алынған деректер тек ғылыми зерттеулерге ғана емес, сонымен қатар қоғамды табиғатты қорғауға жұмылдыруға қызмет етеді. Бұл – табиғаттың құпиясын ашатын, экожүйелердің тұрақтылығын сақтауға бағытталған сенімді құрал. Табиғатты қорғау – ортақ міндетіміз. Фототұзақтар арқылы біз табиғаттың үнін тыңдап, болашақ ұрпаққа аманат ете аламыз. Аға ғылыми қызметкер А.Пулатов




