Фототұзақтар – бұл табиғатты қорғау және аң-құстардың тіршілігін зерттеу үшін қолданылатын заманауи құралдардың бірі. Ол биоалуантүрлілікті мониторингтеудің тиімді ғылыми әдісі болып саналады.
Қорық қызметкерлері ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда орнатылған фототұзақтар арқылы жабайы жануарлар мен құстардың жай-күйі туралы ақпарат алады. Фототұзақтар жануарлар мен құстардың қозғалысына, мекен ету ортасына зиян келтірмей, тәулік бойы тіркеп отырады. Мұндай бақылаулар ерекше маңызды, өйткені олар жануарлар мен құстардың қатал климаттық жағдайларға бейімделуін, сондай-ақ олардың саны мен белсенділігін бағалауға мүмкіндік береді.

