2026 жылдың 21–23 мамыр аралығында Үстірт мемлекеттік табиғи қорығы аумағында фототұзақтар орнату және мәліметтер жинау мақсатында ғылыми зерттеу жұмыстары жүргізілді. Зерттеу жұмыстарына ғылым, ақпарат және мониторинг бөлімінің аға ғылыми қызметкері А.Пулатов пен мемлекеттік инспектор Б.Қайралапов қатысты. Сонымен қатар «Биоәртүрлілікті зерттеу және сақтау орталығы» ҚҚ мамандарымен бірге фототұзақтарды орнатып, мәліметтерді жинау әдістері бойынша тәжірибе алмасты. Бұл ғылыми жұмыстар Үстірт қорығының жануарлар дүниесін кешенді бақылауға, сирек кездесетін түрлердің таралу аймағын анықтауға және биоалуантүрлілікті сақтау ісін күшейтуге мүмкіндік береді.




